Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуразия қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Парламенттік Ассамблеясының байқаушылар миссиясының өкілдерімен кездесті. Төраға сайлау барысына мониторинг жүргізу үшін Қазақстанға арнайы келген халықаралық байқаушыларға ризашылығын білдірді. Палата Спикері елімізде іске асырылып жатқан саяси жаңғыртуларға да тоқталып, мұндай қадам сайлау процесін одан әрі тиімді етуге мүмкіндік бергенін айтты.Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің ел әділ, ашық және бәсекеге қабілетті сайлау өткізуге мүдделі. Қазақстанды тұрақты және демократиялы мемлекет ретінде одан әрі дамыту үшін бұл айрықша маңызға ие. Қазір халық нақты өзгерістерді күтіп отыр. Олардың үміттерін ақтау керек. Осы ретте бұл сайлауда белсенділік пен бәсекелестіктің жоғары деңгейі байқалғанын атап өткім келеді. Бұл – елдің саяси белсенділігін көрсететін оң үрдіс. С. Оралбеков