Чехия президенті Петр Павел мотоциклмен жүргенде жарақат алып, ауруханаға түсті. "Республика Президенті мотоциклмен жүру кезінде жарақат алды. Жарақаттар ауыр емес, бірақ дәрігерлердің қысқа мерзімді бақылауын қажет етеді", — делінген хабарламада. Чех көшбасшысы Прагадағы Орталық әскери госпитальға жеткізілді.