Елордалық «Астана» клубының футболдан UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысындағы қарымта ойынына төрешілер белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысында елордалық «Астана» өз алаңында Хорватияның «Динамо Загреб» командасын қабылдайды. Кездесу «Астана-Арена» стадионында 2 тамызда 20:00-ге белгіленген. Ойынға Нидерланд елінен келген Деннис Хиглер бас төреші болады. Оған отандастары Рогир Хониг мен Рой де Наc көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі Джоуи Коэй. Айта кетсек, екінші іріктеу сатысындағы алғашқы кездесуде «Астана» қарсыласына 0:4 есебімен жол берді. Жеңімпаз ұжым үшінші іріктеу сатысында Грекияның АЕК командасымен шеберлік байқасады. Ойын 9 және 15 тамыз күндері болады.