UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалында 8 наурыздан 9-не қараған түні қарымта тағы екі ойын өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Екі ойынның бірінде Англияның «Тоттенхэм Хотспурс» және Италияның «Милан» командалары шеберлік байқасады. Кездесу елорда уақытымен 1.50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған дейін жеті мәрте кездесті. Оның төртеуінде англиялық, біреуінде италиялық футболшылар жеңіске жетті. Екі ойында тең нәтиже тіркелді. Жарыстың аталған сатысындағы алғашқы кездесуде «Милан» 1:0 есебімен басым түсті. Сондай-ақ, тағы бір кездесуде Германияның «Бавария» командасы өз алаңында Францияның «Пари Сен-Жермен» клубын қабылдайды. Кездесу елорда уақытымен 1.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған дейін он үш мәрте кездесті. Оның жетеуінде германиялық, алтыауында франциялық клубтың мерейі үстем болды. 1/8 финалындағы алғашқы кездесуде «Бавария» аталған қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Еске салсақ, бұдан бұрын «Бенфика» мен «Челси» ширек финалға шықты.