UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалында алғашқы екі ойын өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Екі ойынның бірінде Германияның «Айнтрахт» және Италияның «Наполи» командалары шеберлік байқасады. Кездесу 21 ақпаннан 22-не қараған түні елорда уақытымен 1.50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған дейін 1994 жылы UEFA кубогы 1/8 финалында жолы түйіскен еді. Екеуінде германиялық клуб 1:0 есебімен мерейі үстем болды. Сондай-ақ, тағы бір кездесуде Англияның «Ливерпуль» командасы өз алаңында Испанияның «Реал Мадрид» клубын қабылдайды. Кездесу 21 ақпаннан 22-не қараған түні елорда уақытымен 1.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған дейін тоғыз мәрте кездесті. Үшеуінде «Ливерпуль», бесеуінде «Реал Мадрид» жеңіске жетсе, бір кездесу тең нәтижемен аяқталды. Ал 22 ақпаннан 23-не қараған түні «Лейпциг» (Германия) және «Манчестер Сити» (Англия), «Интер» (Италия) және «Порту» (Португалия) командалары жасыл алаңға шығады. Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасында «Пари Сен-Жермен» өз алаңында «Бавариядан» жеңілді. Сондай-ақ, «Челси» «Боруссия Дортмунд» командасына жол берді.