Сингапурда әріптестеріне қарай қалжыңдап жөтелген ер адам екі аптаға түрмеге қамалды. Ол сол кезде Covid-19-бен ауырып жүрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.Leong Hup Сингапур инвестициялық фирмасының қызметкері 64 жастағы Тамилсельвам Рамайа сол кездері Covid-19-бен ауырып жүрген. Ол тестілеудің оң нәтижесіне қарамастан, кеңседе қалған. Тіпті әріптестеріне қарап әдейі ашық жөтелген. Өзінің айтуынша, ол жай ғана қалжыңдамақ болған.Оқиға салдарынан компанияның бір қызметкері коронавирус жұқтырған. Рамаяның адвокаты оның арамдық әрекет жасамағанын айтып, айыппұл төлеуді өтінді. Алайда сот Рамайаның әріптесінің денсаулығының ауыр мәселесін ескеріп, ер адамды түрмеге жіберу туралы шешім қабылдады. Сингапур пандемияның бүкіл кезеңінде қатаң шаралармен ерекшеленді. Тіпті қатаң шараның кейбірін 2023 жылдың ақпанында ғана алып тастады.