Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дамир Исмағұлов UFC-де екінші рет жеңілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Дамир Исмағұлов бұл жолы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Vegas 76 үлкен турнирінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы америкалық Грант Доусон болды. Файтерлер арасындағы жекпе-жек жеңіл салмақта өтті. Кездесу белгіленген уақытқа дейін болып, АҚШ өкілінің жеңісімен аяқталды. Төрешілер бірауыздан Грант Доусонды жеңімпаз деп таныған. Осылайша, Дамир Исмағұлов UFC-де екінші рет жеңіліп отыр. Айта кетейік, бұл кездесу Дамир Исмағұлов үшін UFC-пен келісімшарт аясындағы соңғы жекпе-жеке болатын. Алайда оған бұған дейін жаңа келісімшарт ұсынылған еді.