Дамуында ақаулығы бар бала көбейіп барады

Елімізде даун синдромы бар бала саны жылдан-жылға артып барады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше мүмкіндігі шектеулі 203 мың бала бар. Әсіресе туа бітті мүгедек, сондай-ақ өсе келе жетілуінде ақаулық пайда болатын бала көбейген. Мұның себебі неде? Тілшіміз анықтады. Ата-ананың жүктілікті жоспарламауы, денсаулығына немқұрайлы қарауы өмірге келетін баланың саулығына тікелей әсер етеді. Генетиктер осылай деп дабыл қағады. Сондай-ақ баланың күндіз-түні телефоннан бас көтермей отыруы да дамуын тежеп, тіпті ақаулық тудыруы мүмкін. Гүлшара ӘБІЛДИНОВА, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ГЕНЕТИК-ДӘРІГЕР: Әйелдің жасы ұлғайған сайын дүниеге бала әкелсе, сәбидің дамуындағы ақаулық деңгейі де артуы мүмкін. Соңғы жылдары әйелдер баланы тым кеш өмірге әкелетін болды. Жүктілікті жоспарламау, дұрыс тамақтанбау, ағзаға қажетті фолий қышқылы сияқты витаминдерді қабылдамау баланың дамуындағы кемістікке себеп болады. Медицина сәбидегі ақауды іште жатқан кезде анықтауға қауқарлы, ал шешім қабылдау ата-ананың еркінде. Мәселен былтыр қалалық Көпбейінді ауруханада 13 отбасы патологиясы бар балаларды өмірге әкеліп, оның 5 еуі қайтыс болған. Тәттігүл ӘМІРБЕКҚЫЗЫ, ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ ГЕНЕТИК-ДӘРІГЕР:Балада ақаулардың болуын алдын ала биохимиялық скрининг өтеміз. Ауыр потология болса УЗИ скрининг арқылы да көрінеді. 2023 жылдан бастап бізде 21 мың жүкті әйел осындай зерттеуден өтті. Соның ішінде 350 әйелдің ішінде осындай ақаулар болды. Ұлттық балаларды оңалту орталығына келетін 4 мың пациенттің көп бөлігінде мүгедектігі бар. Баланың дамуында ақаулық болса оны толық емдеу іс-жүзінде мүмкін емес. Оңалту орталығындағы мамандар қолымыздан келетіні тек жағдайды жеңілдету дейді. Меруерт АҒЛАНБЕКОВА, ҰЛТТЫҚ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ОҢАЛТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ: Біздің орталықта көбінесе кездесетін ол церебральный паралич, аутизммен келетін балалар бар, және туа бітті ақаулық деп айтамыз, сондай пациенттер көбінесе түседі. Өкінішке қарай ол пациенттер саны көбейіп жатыр. Адам ұрпағымен мың жасайды. Ал ұрпағым аман болсын дейтіндер әуелі оның денсаулығына алаңдауы керек. Жай ғана алаңдап қоймай, өзінің де хал-күйіне мұқият мән бергені абзал.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Қарғыс атқыр...»: Қанат Әлжапбаровтың тойда айтқан сөзі жұрттың ашуына тиді
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды