Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды.1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы. Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі. Мансап 1976-1981 жж. - «Павлодар тұрғынқұрылыс» тресінде мастер; 1981–1983 жж. - Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы; 1983–1987 жж. - «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы; 1987–1991 жж. - Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары; 1991-1992 жж. - «Екібастұз энерготұрғынөндірісқұрылыс» трестінің басқарушысы; 1992-1993 жж. - Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы; 1993-1997 жж. – Әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі; 12.1997-10.1999 жж. - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі; 10.1999-21.12.2000 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; 21.12.2000-21.11.2001 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасар; 21.11.2001-13.06.2003 жж. - Павлодар облысының әкімі; 13.06.2003-08.01.2007 жж. - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі; 10.01.2007-17.06.2009 жж. - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi; 12.2010 жылдан – Экологиялық энергетика саласындағы компаниялың басшысы; 2012-11.2014 жж. – Энергетика және инфрақұрылым министрі; 2014 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Марапаттары: «Барыс» 2-і дәреже (2004), «Барыс» 3-і дәреже (1999), «Құрмет белгісі» (1986); «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2012) ордендері және «Астанаға 10 жыл» атты мерейтойлық медалі (01.07.2008).