Данияда Құранды өртеуге заңмен тыйым салынды

Данияда Құранды өртеуге заңмен тыйым салынды. Оны бұзғандар айыппұл төлейді немесе екі жылға сотталады. Құранды қорғау ұсынысын Дания парламентінің 94 депутаты қолдады. Қалған 77-і қарсы дауыс берген. Жергілікті биліктің мұндай шешім қабылдауына негіз бар. Тек биылдың өзінде корольдікте діни сипаттағы тулар мен кітаптарды жою бойынша 500-ден аса акция өткен. Саясаттанушылар мемлекеттің бұл бастамасын қолдайды. Осы арқылы қоғамды бүлікке емес, бірлікке шақыруға болады, - дейді.Жәнібек АРЫНОВ, САЯСАТТАНУШЫ: Дін мәселесі, ар-ождан мәселесі, жеке сенім-наным мәселелері – өте маңызды. Сол үшін біз көріп отырмыз, өзге мемлекеттерде, әсіресе мұсылман халқы басым мемлекеттерде оған қарсы бір кері қозғалыстар жүріп жатты. Менің ойымша шынымен де дұрыс. Өйткені, ол өзіміздің территориямызда, өзіміздің мақсатымызда не істесек те өзіміз білеміз деген дұрыс нәрсе емес. Қасиетті кітапты қорғау бастамасын биік мінберде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген. Мемлекет басшысы қыркүйек айында БҰҰ-ның Бас Ассамлеясында сөйлеген сөзінде Құранды құқықтық тұрғыда қорғауға шақырды. Оны өртеу өркениетаралық байланысты бұзатынын айтты. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Жуырда қасиетті кітаптарға құрметсіздік таныту актілері болды. Біз осы жағдайға алаңдаушылық білдіреміз. Исламға және басқа да діндерге қатысты жасалған мұндай тағылық әрекеттерден еркіндіктің, сөз бостандығының және демократияның нышаны білінбейді. Құран секілді қасиетті кітаптардың бәрі вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғалуға тиіс.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тәуелсіздік күніне орай Алматы Халықаралық әуежайында туристерге сыйлық табысталады
Түркістандық жұмысшы топ Теріскейге барды
Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады
Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі
Тәуелсіздік таңы атқан күн