Қостанайлық келіншектің ұлы қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.Келәншек ұлы жұқпалы аурулар бөліміне түскеннен кейін, ертеңіге жансақтау бөлімінде қайтыс болғанын айтады. Балаға пневмония мен жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған. Оның екі күн бұрын қызуы көтеріліп, тамағы ауырған. Жедел жәрдем дәрігері, содан кейін учаскелік полиция қызметкері ларингит – көмейдің қабынуы деген диагноз қойып, ауруханаға жатқызуды ұсынады. Ауруханада түнгі уақытта баланың жағдайын дәрігерлер тексермеген. Тек медбике келіп укол салып кеткен. Мақпалдың айтуынша, келесі жолы рентгенге түсіргенде, оның өкпесі таза екенін көрсеткен. Бірақ баланың жағдайы күрт нашарлайды. Тексеруге келген реаниматолог баланың жағдайының ауыр екенін, оны жансақтау бөліміне жатқызу керектігін айтады. Жансақтау бөліміне жеткізілген бала араға екі сағатты салып, көз жұмған.