Бала сәтті операциялардан кейін комадан толығымен 7-ші күні шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.Сортөбе ауылында маусым айының басында 2 жасар бала тереңдігі шамамен 2 метр бетон құдыққа құлап, есінен танып қалды. Туыстары Қордай ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізді. Мидың компьютерлік томографиясынан кейін шұғыл түрде зардап шегуші реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды: ашық бас миының жарақаты, 3-дәрежелі мидың соғылуы, сол жақ төбесі мене оң жақ желке аймағындағы эпидуралдық қан құйылу. Бас сүйегінің негізіне ауысуымен оң жақ төбе сүйегінің жабық сынуы, коронарлық тігіске ауысуымен сол жақ самай сүйегінің жабық сызықша сынуы. Пневмоцефалия. Жіті церебралдық ісіну. Оң жақтағы отогематоликворея. 3-дәрежелі кома. Санитариялық авиация желісі бойынша сол күні Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Саят Жұмабаев пен анестезиолог Қалдыбек Үсенбаевтан тұратын облыстық орталықтан дәрігерлер бригадасы шақырылды. Мамандардың консилиумынан кейін күрделі операция жасалды - қатты ми қабықтарының пластикасымен және миішілік ұйыған қанның жиналуын алып тастаумен бас сүйегінің екі жағынан декомпрессиялық трепанациясы жүргізілді. Жалпы жағдайдың ауырлығына байланысты, сондай-ақ күрделі хирургиялық араласулардан кейін кішкентай пациент тасымалданбайтын болды, сондықтан ол Қордай аудандық орталық ауруханасының реанимация бөлімшесінде болды. Облыстың бас балалар нейрохирургі С. Жұмабаевтың басшылығымен облыстық балалар ауруханасының реаниматологтарымен бірлесіп емдеуді түзету және жалпы жай-күйін бақылау жүргізілді. Сәтті операциялардан кейін аздап оң динамика байқалды, үшінші дәрежелі комадан шыққан бала екіншісіне өтті, ал 7-ші күні ол комадан толығымен шықты. Санавиациямен сәби Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Нейрохирургиялық бөлімшеде оң жақ құлағындағы отоликвореяны жою үшін операцияның екінші кезеңі жүргізілді.Жақсарумен операциялардан кейін бала есін жиды, жауап береді. Жай-күйі жақсаруда, жақын арада үйге шығады, - деді Саят Асылбекұлы.