Дәрігерлер артық есеп беруден босатылады

Ауылға бес жыл жұмыс істеуге барған дәрігерлерге 8 жарым млн теңге бір реттік көмек беріледі. Сондай-ақ балаларын балабақшаға орналастыру да оңайырақ болмақ. Ақ халаттылар алдағы уақытта қағазбастылықтан да арылады. Жалпы, медицина мамандарының мәртебесін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Тақырыпты тілшіміз жалғастырады. Дәрігерлер артық есеп беруден босатылады. Мамандардың айтуынша, медицина қызметкерлері денсаулық сақтау басқармаларына, аумақтық департаменттерге күнделікті беретін есебінен тыс ақпарат беруге міндетті емес. Серікболсын ТЕМІРХАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЗАҢ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Алдағы уақытта медицина қызметкерлерінен өзінің атқарып отырған жұмысынан тыс қосымша ақпараттар сұратылмайтын болады. Яғни, ол бір жағынан өзінің жұмысын атқарады, кедергі келтірмейді атқаруға. Екінші жағынан бюрократиялықтан арылуға бағытталған шара деп есептеуге болады. Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған заңға қол қойды. Онда дәрігерлер кәсіби қызметіне заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғалатыны айтылған. Оған қоса, дәрігерге құрметпен қарау, медициналық мамандығы бойынша әскери қызметін өткеру немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру құқығы берілді. Сондай-ақ аса тапшы мамандықты меңгерген медицина қызметкерлері ауылдық жерге кемінде 5 жыл жұмыс істеуге келген жағдайда, оған ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде, яғни 8 жарым млн теңге бірреттік төлем беріледі. Мамандар енді ауылдық жердегі дәрігер тапшылығы азайтатынына сенімді. Алмагүл ҚАУЫШЕВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ АДАМИ РЕСУРСТАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазір мамандар алыс ауылдарға барғысы келмейді. Бұл жасырын емес. Жас мамандар елдімекендерге барғанымен онда ұзақ жұмыс істемейді. Қолданысқа енетін заң аясында медицина қызметкерлеріне біраз жеңілдіктер, мүмкіндіктер қарастырылған. Мамандар ауылға барып қана қоймай, сонда қалуы үшін барлық жағдай жасалатын болады. Заңда сондай-ақ, дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі енгізіледі. Жаңа жүйе дәрігерлердің қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, дейді мамандар. Қанат ТӨСЕКБАЕВ, №8 ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Шала жұмыс істеген болса немесе адам денсаулығына қауіп қатер төндіретін болса, онда бүгінгі таңда дәрігер соттың шешімнің аясында өз қалтасынан төлейтін болса ақшаны, мұнда сақтандыру жүйесі арқылы сақтандыру компаниясы төленіп, жабылып отырады. Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралар аз емес. Алдағы уақытта саладағы мықты мамандарға «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы да беріледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Мұратбек Қасымбай танымал ММА спортшысына қарсы екінші кездесуінде тең түсті
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
Оралда тұрғын үй ауласындағы шыршаны ұрлаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Әзербайжан Премьер-министрі Қазақстанның Бакудағы Елшілігіне барды
Ақтөбеде жоғалып кеткен адам аман-есен табылды
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
Харбин-2025: Қазақстан құрамасы Азия ойындарында қандай форма киетіні белгілі болды
Семейде жеке тұрғын үйде өрт шықты
2025 жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болады
Қостанай облысында жолаушылар мінген автокөлік қар құрсауында қалып қойды
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен сөйлесті
Ақтөбе облысының құтқарушылары далада адасып кеткен жұмысшыны бір тәулік бойы іздеді
Абай облысында үздік педагогтар марапатталды
Балалар колониясында шырша мерекесі өтті
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік бастама бастау алды
Ұлытау облысында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды