Дәрігерлер жыныстық жолмен жұғатын ауруларды өз бетінше емдемеуге шақырды

Қазақстандық дерматовенерологтер жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан емделу үшін дереу медициналық мекемелерге, білікті мамандарға жүгінуге кеңес береді. Сарапшылар ЖЖБИ жамбас, ішкі ағзалардың қабыну ауруларының, жүктілік пен бедеуліктің қолайсыз нәтижелерінің негізгі себептері болуы мүмкін екенін атап өтті. Көптеген ЖЖБИ асимптоматикалық немесе шамалы симптомдармен жүреді, олар ауыр асқынуларды тудыруы мүмкін.Ақпаратты білмеу және жетіспеушілік, өзін-өзі емдеу және интернет бойынша емделу, өкінішке орай, созылмалы кезеңдер мен асқынуларға әкеледі, бұл одан әрі ауыр және ұзақ емдеуді қажет етеді. Дерматовенерологтер ЖЖБИ-нің жалпы сипаттамаларына назар аударады: - Жыныстық қатынас арқылы беріледі. - Көптеген инфекциялар жасырын түрде жүреді және зерттеп-қарау кезінде кездейсоқ анықталады. - Асқынулармен олар нерв жүйесіне, бауырға, жүрекке, теріге, болашақта тері мен буындардың зақымдалуына, көру қабілетінің жоғалуына және т. б. әсер етуі мүмкін. - Өздігінен емделмейді. - Бұл аурулардың бір бөлігі тек жыныстық қатынас арқылы ғана емес, сонымен қатар қан арқылы (стерильді емес инелер, шприцтер, татуировка құралдары, құлақ тесу), жүктілік және босану кезінде анадан балаға, тұрмыстық жолмен беріледі. - Бір уақытта бірнеше ЖЖБИ инфекциясы болуы мүмкін. 2019 жылы Халықаралық ұсынымдарға сәйкес мерезді, хламидиозды, гонококкты инфекцияларды диагностикалау және емдеу бойынша, 2022 жылы - ДДҰ және CDC жаңа ұсынымдарына сәйкес клиникалық хаттамалар жаңартылды. Мерезді диагностикалау алгоритмі толығымен қайта қаралды. Урогениталдық инфекцияларды диагностикалау үшін дәл диагностикалық сынақтар: ПТР және антибиотиктерге сезімталдықты анықтайтын культуралық зерттеу қолданылады. Мерезді диагностикалау үшін 100% ерекшелігі мен сезімталдығы бар трепонемалық сынақтарды қолдануға дайындық басталды. Саламатты өмір салтын ынталандыру және қауіпсіз жыныстық мінез-құлықты тәрбиелеу үшін, ең алдымен өскелең ұрпақтың репродуктивтік денсаулығын сақтау мәселелерінде сауаттылықты белсенді арттыруды қоса алғанда, кең профилактикалық іс-шаралар жүргізу қажет.

Читать источник astanatv.kz/kz/
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
«Өмір бойына төлем тағайындасын». Депутат шырша құру кезінде құлаған мұғалімге араша түсті
Ақтаудағы апаттан тірі қалғандардың аты-жөні белгілі болды
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
«AMANAT»-та Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтылды
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда жылдың үздік спортшысы анықталды