Дәрігерлер Қызылорда облысында аяусыз соққыға жығылған жасөспірімнің жағдайын айтты

Қызылорда облысы Қазалы ауданының дәрігерлері аяусыз соққыға жығылған жасөспірімнің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 15 жастағы студент жедел жәрдеммен ауруханаға 6 сәуірде жеткізілген. Ол бас-ми жарақатын алған."Жәбірленуші дереу аурухананың қабылдау бөлімінде қаралып, бас-ми жарақатымен хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. 8 сәуірде ата-анасының өтініші бойынша ол Қазалы аудандық теміржол ауруханасына жатқызылды", - делінген хабарламада.Дәрігерлердің айтуынша, зардап шегушіге тиісті медициналық көмек көрсетіліп, бас сүйегінің рентгенографиясы мен компьютерлік томографиясы жасалып, іш қуысының, бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі жүргізілген. Сондай-ақ ол невропатолог пен офтальмологқа қаралып, нейрохирургтың кеңесін алған."Жалпы жағдайы тұрақты және ауыр. Қажетті медициналық шаралар жалғасын табады", - деп қосты облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.Оқиғаға Қазалы аудандық әкімдігі жауап берді. Әкімдіктің ресми жауабында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқаны айтылған."Төбелеске қатысушылар анықталды. Олардың барлығы - Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейдің кәмелеттік жасқа толмаған оқушылары", - делінген әкімдік хабарламасында.Бұл факт бойынша тергеу басталды."Қазір зардап шеккен жасөспірім ауруханада емделіп жатыр. 8 сәуірде аудан әкімі мен облыстық білім басқармасының басшысы келіп, зардап шеккен кәмелетке толмаған баланың жағдайымен танысты", - делінген хабарламада.Еске салайық, әлеуметтік желіде Қызылорда облысында жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тараған болатын. Видеода екі адамның жерде жатқан жігітті ұрып жатқаны көрсетілген. Олар жігітке "ұйықта" деп соққы мен тепкінің астына алады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Рудныйдағы аялдамада Түркістан облысының 4 жасар баласы табылды
«Барлық жағдайға байыппен қараймын»: Черчесов орнынан кетуі мүмкін
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
«Astana Piano Passion» республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
Таразда құтқарушылар 3 жасар балаға көмектесті
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды