"Дәрігерлер мүлде жүре алмайды деген": қазақ баласын асырап алған испан азаматы сырын айтты

Қазақтың ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларын шетелдік азаматтар мен азаматшалар асырап алған. Жәудір көздеріміздің ары қарай тағдыры қалай болғаны туралы "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасы сыр шертіп жүр. Bugin.kz тілшісі бағдарламаның Испанияда түсірілген бөлімі туралы сілтеме жасап хабарлайды.Жанар Байсемізованың айтуынша, жүзіп жүрген балаға таңданыспен қарайды. “Ерлан 12 мүшесі сау болса таңданбас едім” деп журналист баланың денсаулығы туралы сөзді асырап алған әкесіне береді. Давид Видаль Вила баланы қалай асырап алғаны туралы: “Басын дұрыс ұстай алмайтын еді. Тым кіші екені күдік туғызды. Біз балалар үйінен аларда баланың денсаулығында кінәрат бар екенін білмедік”,-деп айтады. Қарағандыда дүниеге келген баланың сырқаты Қазақстандағы 10 айда анықталмаған. Тек Испанияға барған соң, дәрігерлер баланың диагнозын анықтаған. Баланың орталық жүйке жүйесі зақымданған, мидың оң және сол жақ бөліктері дұрыс жетілмеген. Балада сал ауруы бар болып шығады. Давид бұл сәт туралы: “Төбемізден жай түскендей күй кештік. Баланы Қазақстанға қайта апару туралы мүлде ойламадық. Өз баламыз ғой. Біз көп уақыт жоғалтқанымызға өкіндік. Егер оның сырқатын дер кезінде білгенде қазіргіден де жақсы болып кетер еді. Оның ынтасы, ерік-жігері мықты”,-деп әке ретінде баласына сүйсініп қойды. Дәрігерлер баланы мұқият зерттеп, арнайы емдеу тәсілдерін таңдаған. Сол аяғына операция жасалған. Қазіргі кезге дейін онымен арнайы мамандар жұмыс істейді. Асырап алған әкесі: “Ойын баласы ғой. Менің жұмыстан келгенімді күтеді. Екеуміз теннис, футбол ойнаймыз. Дәрігерлер бұл диагноздағы балалар мүлде жүре алмайды, тек жатады деп айтқан еді. Менің ұлым төсекке таңылмай шауып жүр. Мен соған қуанамын. Машина, механика маған қатты ұнайды. Онымен жасты балалар оқи алады. Ол әлі оқи алмайды. Сол жағы өкінішті”,-деп айтты. Велосипед тепкенді, шаңғымен сырғанауды, суда жүзгенді ұнатады. Өскенде гимнаст болуды армандайды. Мотоцикльді ұнатады. Пионинода ойнағысы келеді. Жан-жануарлады жақсы көреді. Атты жақсы көреді. Ерланның ой-ақылының жетілуі қатарластарынан артта қалған. Баламен ата-анасы, арнайы мамандар жұмыс істейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
«Барыс» қатарынан жетінші мәрте жеңілді
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді