Дәрігерлер тәулік бойы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде

Су тасқыны болған аймақтарды үш мыңға жуық медицина қызметкері күшейтілген режимде тұрғындарға көмек көрсетіп жүр. Дәрігерлер эвакуациялық бекеттерде кезекшілікпен тәулік бойы жұмыс істеуде. Тұрғындарға психологиялық көмек берілуде. Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке 58 медициналық қызметкер жұмылдырылған. Олардан бөлек мобильдік бригадалар жұмыс істеп жатыр. Көбінесе тасқыннан зардап шеккендер арасында ересек адамдар қан қысымы көтеріліп медициналық көмекке жүгінсе, балалардың салқын тиіп, қызу көтерілген жағдайлары жиі тіркелуде. Төрт бала тіпті дереу ауруханаға жатқызылған. Осы дәрігерлердің көмегімен бір келіншек аман-есен босанып, бөбегін бауырына алды. Дина КАУКЕЕВА, №2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Также у нас была пациентка 39-40 недель... Бізде 39-40 аптадағы жүктілікпен келіншек болды. Екінші тәулікте толғағы ұстап, Қарғалы қалалық ауруханасында аман-есен босанды. Ұлды болды. Біздің дәрігерлер кезекшілікпен эвакуациялық бекеттерде тәулік бойы қызмет көрсетіп жатыр. Ақтөбе облысында психологиялық көмек көрсететін сенім телефоны жұмыс істеп тұр. Су тасқыны басталғалы бұл желіге 132 қоңырау келіп түсті. Оның дені ақпараттық мақсатта болса, 18 жағдайында психологиялық көмек көрсетілген. Өңірде су тасқынынан күреске 23 психолог маман тартылды. Баспанасынан айырылып, өмірден баз кешкен жандарға кәсіби психологтар кабылдау жүргізіп жатыр. Серік ӘКІМБАЕВ, ПСИХОЛОГ: Депрессия деген білесіз ғой. Тамаққа тәбеті болмайды. Көңіл күй түсіңкі. Ештенеге зауқы жоқ.Тек жата бергісі келеді. Ешкімді көргісі келмейді. Басында солай болып келді. Жеке бастық клнсультация, тотпық консультация жасалды. Баырнша көмек қолдау көрсетіп жатырмыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан United Cup турниріндегі жарысын аяқтады
Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі алғашқы қарсыласы белгілі болды
Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салынған адам денесі табылды
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді
Зарема Шаукенова: Президент экономикалық мәселелерге ерекше назар аударды
Оралда колледж студенті өлі табылды
Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салыған адам денесі табылды
Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салынған адам денесі табылды
Қазақстанның екі өңірінде автожолдар жабылды