Еркін күрестен Азия чемпионатының бүгінгі кешкі сессиясы сәтті басталды. Дархан Есенғали Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын медальды салды.74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз Дархан Есенғали финалдық жекпе-жекте жапон балуаны Кирин Киношиттаны 7:1 есебімен сенімді түрде жеңді. Осылайша, Дархан Есенғали да Азия чемпионы атанды.Бір күн бұрын Санжар Досжанов пен Болат Сақаев алтын медаль иегерлері атанған болатын. Біраз уақыттан кейін Азия чемпионы атағы үшін тағы үш балуанымыз таласатын болады. Олар - Азамат Дәулетбеков (86 кг), Ризабек Айтмұхан (92 кг) және ауыр салмақтағы Жүсіп Батырмұрзаев (125 кг).