Қызылордада полицейлер дариядағы мұз жарылып, суға құлап кеткен екі жасөспірімді құтқарып қалды.Қызылордалық полицейлер Сырдария өзенінің аумағында патрульдеу жұмысын жүргізіп келе жатқан еді. Сол сәтте суға батып жатқан балаларды байқап, оларды құтқарып қалуға күш салды. «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері Әділхан Молдағалиұлы мен Алтынбек Мейрамбекұлы суға батып бара жатқан 14-15 жастағы ұл және қыз баланы арқан салыып, құтқарып алды. Одан кейін полицейлер жедел жәрдем шақырып, балаларды ата-анасына тапсырды. Жасөспірімдер ойнап жүріп, мұзға шыққан. Бірақ мұз олардың салмағын көтере алмай, ұл бала суға құлап кеткен. Қыз бала оған көмектесуге тырысқан, өзі де содан кейін суға түсіп кеткен», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.