Дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова Айша есімді тұңғыш қызын ұзатты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Әлеуметтік желіде өнер иесінің әріптестері тойдың суреттерін жариялап жатыр."Жүніс ағам мен Айгүл жеңгеміздің қызы Айшаның ұзату тойынан естелік", - деп жазды әзілкеш Ерболат Төлеген."Бүгін Алматыда керемет той. Жүніс пен Айгүлдің тұңғыш қызы Айша ұзатылып жатыр. Айшаның жолы болсын, бақыты баянды болсын, тілекшіміз", - деп жазды Тамара Асар әлеуметтік желіде.Сондай-ақ, тойда Айгүл Қосанованың өзі де жырдан шашу шашып, "Маралдым" әнін орындап, кейін қызына да ән орындаған.