Дәстүрлі садақ атудан ҚР Кубогына қатысатын садақшылардың саны рекордтық көрсеткішке жетті

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында Семейде дәстүрлі садақ атудан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Кубогы басталды. Қазақстан кубогына алғаш рет қатысушылардың рекордтық саны – еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам үздік садақшы қатысуда.Үздік садақшылар сайысы Семей қаласындағы «Цементник» стадионында 4 нысана бойынша өтеді. Қазақстан Республикасының Кубогы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Садақ ату федерациясы, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Абай облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры. «Жарыс төрт түрлі нысана негізінде өткізіледі. Олар – Пута нысанасы (9 оқтан 7 мүмкіндік), Қалқан нысанасы (7 оқтан 7 мүмкіндік), Жамбы нысанасы (5 оқтан 5 мүмкіндік) және командалық жарыс. Барлық спортшыға бірдей төрт нысанада бақ сынау мүмкіндігі беріледі», - деп атап өтті Дәстүрлі садақ атудан Қазақстан құрамасының бас бапкері Диас Ахметов. Жарыстың алғашқы күнін 200-ге жуық ер, 100-ге жуық әйелдер санаты Пута нысанасы бойынша бастады. 9 оқтан 7 мүмкіндік атып болған соң, жалпы ұпайдың қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 16 спортшы іріктеліп, 1/16 финалда бағын сынады. Сонымен Пута нысанасы бойынша Ербол Тапенов (Астана қаласы), Али Сейсигюзель (Атырау қаласы), Мақсат Әбдікеримов (Шымкент қаласы), Айкөркем Батихан (Астана қаласы), Динара Жақсылықова (Астана қаласы) Ажар Төлеуқанова (Өскемен қаласы) жеңіске жетті. Жарыс қорытындысында әр нысана бойынша ерлерге және әйелдерге 1, 2, 3 дәрежелі орын беріліп, жеңімпаздар медальдар және дипломдармен марапатталады. Еске сала кетейік, Республикалық садақ ату федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ең төменгі тариф бекітілді
Су тасқынынан зардап шеккен 36, 4 мыңнан астам отбасына көмек көрсетілді
Ангелина Лукас пен Балауса Мұздиман қайта кездесуі мүмкін
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды
Ұшақ апаты: Төтенше жағдайлар министрі Ақтауда жүр
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Астаналықтар Қазақстандағы Әзербайжан елшілігіне гүл шоқтарын қойып жатыр
Алексей Чуркин Азия чемпионы атанды
Ақтауға ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов барды
Еңбек министрлігінің шенеунігі пара алғаны үшін сотты болып жатыр
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған