Дәулет Мұқаев: Жастар баспана алу үшін шетел асып, жұмыс істеуге мәжбүр

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жастарға арналған жалдамалы пәтерлер мәскелесін көтеріп, Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.Оның дерегінше, 2019 жылдан бері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жалдамалы пәтерге орныққан жастардың саны 10 мыңға жуықтады. "2019 жылы баспана алған жастардың баспананы босатуына да аз уақыт қалды. Бүгінде мегаполистердегі жастардың далада қалу қаупі жоғары. Екінші тағы бір мәселе – жыл сайын берілуі керек жалдамалы пәтерлер Алматы қаласының жастарына әлі дер берілмеді. Нақты тізім, нәтижесі шықпады. Жалдамалы пәтер алған жастардың қаржы жинап, өз баспаналарын ала алмаудың да өзіндік себептері де бар. 2019 жылдан бері инфляция деңгейі де шарықтап, үй бағасы жылдан жылға өсті. Осыдан 5 жыл бұрын республика бойынша пәтердің орташа шаршы метрі 200 мың теңге болса, қазір 400 мың теңгеге жуықтады. Яғни, 2 есе өсті. Шындыққа тура қарасақ, баспанаға қаржы жинаудан, қымбатшылық қыспаққа алып күнкөріс мәселелі алдыңғы орынға шықты", - деді Дәулет Мұқаев. Депутат елімізде жастарға арналған тиімді мемлекеттік бағдарлама жоқ екенін баса айтты. Салдарынан жастар баспананы алу үшін шетел асып, жұмыс істеуге мәжбүр, деп жалғастырды ол. "Келмей қалып қойып жатқаны қаншама. Бұл елімізде дарынды, талантты жастардың азаюына алып келіп отыр. Үшіншіден, жалдамалы пәтер алған жастар өзге де мемлекеттік бағдарламалар мен үй кезегінде тұру мүмкіндігінен айырылған. Ақшасын жинап, түйіп отырған жастар, басқа бағдарламаға қатыса алмаса қалай баспаналы болмақ", - деп атап өтті халық қалаулысы. Мәжіліс депутаты осыған байланысты жастардың тиімді баспана алуына жағдай жасауды, кемі 10%-дық бастапқы жарнамен өздері тұрып жатқан баспанасын сатып алуға мүмкіндік беру мәселелесін қарастыруды қайта сұрады. Оның айтуынша, пайыздық мөлшерлеме 5%-дан аспауы тиіс немесе жалдамалы пәтерде тұру мерзімін ұзарту керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
Павлодарда бостандыққа шыққан екі жігіт қайта қамауға алынды
Еліміздің үздік спортшылары марапатталды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
“Өз елінің азаматтары бірінші орында тұрады“. Швейцарияда тұратын қазақ анамен сұхбат
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа ластанады
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды