Австрияда бай отбасыда дүниеге келген әйел тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.Австриялық әйел 25 миллион евро мирастан бас тартты. 31 жастағы Марлен ол қаражатты көпшілікке ұсыну керек деп шешкен. Дәулетті отбасының мүшесі бұл байлықты таратып беру үшін арнайы ұйым да құрған. "Бұл ақшаны қайта есептеу керек. Әрі бұл қаражат тек маған ғана тиесілі емес деп ойлаймын. Бұл мирасты алсам әділетсіздік болатын еді", - дейді мирасқор.