Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz."Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында. Айта кетейік, Дәурен Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында дүниеге келді. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.Еңбек қызметі: ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы (2001-2003);Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінде үшінші хатшы (2003);Нидерланды Корольдігіндегі ҚР істері бойынша уақытша сенімді өкілі, екінші хатшы (2003-2007);ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде бөлім бастығы (2007);ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты (2007-2008);ҚР Президентінің баспасөз хатшысының орынбасары (2008-2009);ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2009);Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі (2011-2016);Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі (2016-2019).2019-2020 жылдары - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі.2020 жылдың ақпан айынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасар болған.