Әнші, актриса Ақбота Сейтмағамбет ұлын сүндеттеп, той жасады. Бұрынғы енесінің 70 жасы мен тұңғышының сүндет тойын бірге өткізген өнер иесі мейрамхана төріне Дәурен Айдарқұловпен бірге шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Актриса тойдың естелігін Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті. "Әжеміздің 70 жасы мен ұлымның сүндет тойын бірге өткіздік. Енеме құрметім шексіз", - деп жазды Ақбота Сейтмағамбет. Сонымен қатар актриса енесінің туған күніне тілек айтып, көзіне жас алды. "Бұл үйдің қызы болып кеттім негізі. Көбісі не болып жатыр деп түсінбей жатқан шығар. Ең бастысы сізді жақсы көрем, құрметтеймін. Орының бөлек, өзіңіз білесіз. Аман болыңыз", - деп актриса көзіне жас алды. Ал Ақботаның енесі келініне алғыс айтқан. "Мен Ақботаны қалай жек көремін? Қалай жамандаймын? Дәуреннің алдында Жомарт деген ұлым болды. Алла 24 жасында алды. Ақбота маған Жомартымнан аумайтын Ибрагимді сыйлады", - деді әншінің енесі. Тойға өнер иелерінен Әбдіжаппар Әлқожа мен "Алатау серілері" тобы келген.