"Дауыс беру, сыйлықтар, ұтыс ойыны": WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде азаматтарды алдау жиілеп кетті

ІІМ соңғы уақытта WhatsApp және Telegram мессенджерлерін пайдалана отырып, азаматтарды алдау жағдайлары жиілеп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа порталы. Ведомство мәліметінше, көбінесе алаяқтар азаматтардың аккаунтына сілтеме түрінде қауіпті бағдарлама хатын жібереді. Әдетте, сілтемеде балаларға дауыс беру, сыйлықтар, ұтыс ойыны немесе әртүрлі тақырыптарға сұрақ-жауап, сауалнама және тағы басқа түрінде болады. Сілтемені басқаннан кейін алаяқтар азаматтардың мессенджеріне қол жеткізе алады. "Әрі қарай жәбірленушілердің шотынан қарызға ақша сұрайтын мәтін жіберіледі. Сонымен қатар мұндай хаттарды алушылар бұл нақты өтініш деп санайды. Ақша алу үшін алаяқтар үшінші тұлғалардың шоттарын пайдаланады. Осыған байланысты ІІМ азаматтарды қырағы болуға және туыстарынан, достарынан және тағы басқа түскен болса да, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге шақырады", - деп ескертті құқық қорғау органдарының өкілдері. Полция мұндай хаттарды алған кезде оларды ашпауға және жіберушімен байланысты бірден доғаруды ұсынды. "Егер сілтемені ашқан болсаңыз, тіркелген немесе байланған бөгде құрылғылардың бар-жоғын тексеру қажет. Ол үшін WhatsAp және Telegram мессенджерлер қосымшасында БАПТАУЛАР, одан әрі – құрылғы байланыстыру (Telegram – да – ҚҰРЫЛҒЫЛАР), онда параллель қосылыстар көрсетіледі. Егер қойындыда бөгде құрылғы болса, сессиядан шығу керек. Жеке деректер мен байланыстарды қорғау үшін мұндай процедураны мүмкіндігінше жиі жүргізу ұсынылады", - деп жазылған басылымда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Аралас жүзуден эстафеталық сайыстағы жаңа рекорд
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
Марқұм Шерзаттың ағасы көз жұмды, әкесі қамауда отыр. Енді не болмақ?
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
«Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады
Қарағанды-Астана тасжолында 700-ден аса көлік кептелісте қалды (ВИДЕО)
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды