Отандық әнші Шаһизада жақында төртінші рет немерелі болды. Өнер иесі келіні мен немересінің перзентханадан шыққанын мейрамханада достарымен атап өткен сәтті көпшілікке көрсетіп, сынға ұшырады, деп жазады KAZ.NUR.KZ."Кеше немеремді аман-есен шығарып алып, достарыммен мейрамханаға бардық. Алматы мен басқа қалаларда қанша мейрамханада тамақтанып жүрміз. Бірақ қызықты болсын деп, қонақтарды құрметпен тамақтандырмаған", - деп жазды Шаһизада Instagram парақшасында.Видеодан даяшы жігіттің әншіні тамақтандырып, сосын ауызын сүртіп бергенін байқауға болады. Осыдан соң даяшы жігіт Шаһизаданың бетін сүйеді.Ал желі қолданушылары әншінің бұл видеосына түрлі пікір білдірді."Жасыңа сай емес", "Неғұрлым көңілді жүрген сайын Алла өмір жасыңды ұзартады. Мен де Шаһизаданың құрдасымын. Әндетіп, билетіп, күліп ойнап жүргенді жаным сүйеді. Жасына қарайтын ештеңе жоқ, қыздар әрдайым жас көрінсін", "Сыйыңды жоғалтпашы", "Өткендегі оқиғадан кейін өзіңді жоғалтып алғандайсың", "Қазақтың әп-әсем әйелі, талғамды, көрікті, өз жасына сұлу. Ғайбат сөздің не керегі бар?", "Ұят қой", "Ерсі көрінеді", - деп жазды желідегілер.