Коронавирус пандемиясы биыл аяқталады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы осылай деп мәлімдеді.Тедрос Адханом Гебрейсустың айтуынша, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ковидке қатысты төтенше жағдай күшін жойды. Осыдан үш жыл бұрын COVID-19 дерті пандемия деп жарияланған еді.Гебрейсус: «Бұл кезеңнен алатын сабақтар көп. Олардың арасында денсаулық сақтау саласына, ғылыми зерттеулер мен халықаралық ынтымаққа инвестиция салу зор маңызға ие» деп мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстан телеарнасы хабарлады.