ДДСҰ Ливияда су тасқынынан 4 мыңнан астам адамның қаза тапқанын растады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ливияның солтүстік-шығысында су тасқыны салдарынан 4 255 адамның қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.Осы аптаның басында елдің денсаулық сақтау министрлігі табиғи апаттан 3,8 мыңнан астам адам қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Ал БҰҰ 11 мыңнан астам адамның құрбан болғаны туралы мәліметтер келтірді.Телеарна келтірген ДДСҰ мәліметтеріне сәйкес, 8 540 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Сондай-ақ су тасқынынан ең көп зардап шеккен Дерна қаласындағы жерасты суынан алынған сынамалардың бактериялық және химиялық тұрғыдан ластанғаны анықталды. Өңірдің санитарлық органдары жергілікті тұрғындарға суды залалсыздандыру үшін хлор таблеткаларын таратып, денсаулыққа қауіп төндірмес үшін оны қалай дұрыс пайдалану керек екені туралы нұсқаулар беріп жатыр. Еске салайық, 4 қыркүйекке қараған түні Ливияның Дерна қаласында су тасқыны болды. Су тасқыны бүтін аудандарды шайып кеткен. Аса қайғылы оқиғаға байланысты елде үш күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Ордабасыға" жаңа маусымда қыруар қаржы бөлінбек
Абайлаңыздар: ТЖМ қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасады
Ақтаудағы ұшақ апаты: комиссия әлеуметтік желідегі ақпараттарға қатысты мәлімдеме жасады
Былтыр елімізде 359 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс тапты
Феминистерге шеру өткізуге рұқсат бермеді
Көлікті 5 минут қыздыру ережесін Әділет министрлігі қайта қарайтын болды
2024 жылы Алматы қаласының Әділет департаменті халыққа 45 828 мың мемлекеттік қызмет көрсетті
29 жастағы қазақстандық Apple басшысы болып тағайындалды
Трамптың инаугурациясына Қазақстаннан кім қатысады?
Кешіккен тапсырыстар: Алматыда Қытайдан келген тауарлар қоймадан ұрланған
ІІМ: Жыл басынан бері есірткі қылмыстары үшін 6 жасөспірім ұсталды
Алматы мектептерінде 600 –ден астам жасөспірім қыз вакцинацияланды
18 қаңтарда Алматы Онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді
Алматыда «ABAI ULTTYG MEKTEBI-нің» құрылысы басталды
AZAL ұшағының апаты: РФ Тергеу комитеті сараптама тағайындады
Астанада алты-ақ ардагер қалды: 80 жылдыққа орай әрқайсысына 8 миллион теңге берсе де болар еді
Алматыда инклюзивті кітапханалар ашылды
Алматыда ауа сапасы нашарлайды
16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жаңбыр, қар және көктайғақ
40 жастағы әйел косметологиялық клиникада майын кетіремін деп мерт болды
Қызылорда облысында заңсыз қабылданған сот актілерінің күші жойылды
Алматыда Ермек Серкебаев ескерткіші ашылды
Қазақстанда жемқорлардың шетелге шығуына тыйым салатын норма қабылдануы мүмкін
Алматыда әйелдер онкогинекологқа тегін қарала алады