Былтыр аталған сұйықтықтан жасы 5-ке толмаған 300-ге жуық бала қайтыс болған, деп хабарлайды Астана телеарнасы Хабар24-ке сілтеме жасап.Қазан айында Гамбияда 66 жеткіншек көз жұмды. Мұндай қайғылы оқиғалар Индонезия мен Өзбекстанда да тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шикізатты жеткізгендер туралы қосымша ақпарат іздеп жатыр. Қатерлі препараттарда денсаулыққа қауіпті заттардың мөлшерден көп болғаны анықталған. «Сұйықтыққа өндірісте қолданылатын еріткіштер мен антифриз ретінде қолданылатын улы химиялық заттар қосылған. Оны аз көлемде қабылдағанның өзінде қауіпті. ДДСҰ осы аптада тергеу бастады»,-деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус