ДДҰ анемиямен күрес бағдарламасын жасап шықты

Анемиядан әйелдердің 30%-ы, жүкті әйелдердің 37%-ы және 6 айдан 5 жасқа дейінгі балалардың 40%-ы зардап шегеді. Анемияға ұшырағандардың көпшілігі табыс деңгейі орташа және төмен елдерде тұрады.Осы аптада Оңтүстік Африканың Кейптаунында өткен аналар мен сәбилердің денсаулығына арналған халықаралық форумда ДДҰ анемияға шалдығу деңгейін төмендету бойынша алғашқы кешенді бағдарлама бастады. Анемия, сондай-ақ, қан аздық деп аталатын ауру - қандағы гемоглобин мен эритроциттердің азаюымен бірге жүретін және оттегі тасымалдануының бұзылуымен және гипоксияның дамуымен сипатталатын синдром, яғни организмдегі оттегінің төмендеуі. Анемия дамуының ең көп тараған себептерінің бірі - темір тапшылығы, бірақ анемия үлкен қан жоғалту, тұқым қуалайтын бұзылулар, бүйрек немесе бауыр аурулары, жұқпалы және онкологиялық ауруларға байланысты болуы мүмкін. «Анемияға қарсы күрес жұмыстарының басым бөлігі темір тапшылығының алдын алу және оны емдеуге бағытталған», -дейді ДДҰ тамақтану және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі департамент директоры Франческо Бранка. ДДҰ дұрыс тамақтану, анемияны дәл және уақтылы анықтау, витаминдер мен микроэлементтерді қабылдау және халықтың осы мәселе туралы хабардарлығын арттыру сияқты факторлардың рөлін атап өтті. ДДҰ жаңа бағдарламасы аясында анемияның себептері мен қауіп факторларын жою үшін кешенді шаралар қабылдауды ұсынады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Даңғаза жасаудың қажеті жоқ»: Тоқаев Қытайда таралып жатқан вирусқа қатысты пікір білдірді
Алматыда метапневмовирус анықталған жоқ
Танымал сарапшы Қазақстанды бокс орталығы деп атап, Өзбекстанды ұмыт қалдырды
Кілтіңізді көршіңізге қалдырмаңыз!
Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді
Меркідегі "мереке"
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Таразда мас ер адам күзетшімен төбелесіп, полиция қызметкерін жарақаттаған
«Үйдегі төртінші ұл»: Алматыда алып сәби дүниеге келді
АМӨЗ зауыт үстіндегі “қара бұлтқа“ қатысты түсінік берді
Сауда биржасында доллар бағамы өсті
Мәжіліс депутаттары Петропавл қаласындағы бөгетті қалпына келтіру жұмыстарымен танысты
Алматыда Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған көрме ашылды
Өлі-тірісіне қарамай қайтарамыз - ХАМАС Израильмен келісімге келген жағдайда тұтқындары босатпақ
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Антикор негізсіз жұмсалмақ болған 55 млрд теңгені бюджетке қайтарды
Алдағы күндері Алматыда 25 градус аяз болады – ауа райы болжамы
Қазақстандық фильм Үндістанда екі аталым бойынша жүлде алды
Маңғыстауда мектеп оқушыларының жаппай улануы: іс сотқа жетті
Ақмола облысында өткен ғасырдың ортасында салынған бөгет жөнделіп жатыр