ДДҰ басшысы қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Қарағанды облысындағы шахтада қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.Бұл туралы ол X желісіндегі (Twitter) парақшасында жазды. “Бүгін Қазақстан халқы үшін өте қайғылы күн. Жақындарынан айырылған отбасыларға шын жүректен көңіл айтамын», - деп жазды ДДСҰ басшысы. Еске сала кетсек, 28 қазан күні сағат 2.33-те Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Костенко шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылды. Соңғы мәлімет бойынша, қаза тапқандар саны 36 адамға жеткен. Бас прокуратура Костенко шахтасындағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Болжам бойынша, компанияның мәліметінше, лавада газ метанының жарылған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Штаб құрылды. Оқиға орнына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барды. Мемлекет басшысы қаза болған кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға жан-жақты көмек көрсетіледі. 29 қазан Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбе облысында аудандық ауруханаға жаңа жабдықтар жіберілді
Алматының қоғамдық орындарында 24 дербес кітапхана орнатылды
Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келді - БАҚ
Алдағы күндері Алматыны қандай ауа райы күтіп тұр?
Алматыда жасөспірім кімге оқ атты?
Қанат Әлжаппаров ащы шындықты айтып салды
Қазақстанда неге көліктің астын жылына кемі 1 рет жуу керек?
Интернет нарығы, қанша екен салығы?
«Жошы хан» елде түсіріледі
“Құрамында пластмассаның кішкентай бөлшектері бар“. Ең зиян шай аталды
Маңғыстауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда
Петропавлдағы ЖЭО-де апат болды
Жұрт жүрегіне жетер сөз
Алматыда қолайсыз метеожағдай күтіледі
Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Сыйлық пен параны қалай ажыратуға болады?
«Шатырдағы екеу» әлеуметтік ертегі емес
Көктайғақ, бұрқасын: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Онлайндағы сауат опық жеуден сақтайды
Алматыда «Birlik» би ансамблі концерт өткізеді
Ақтөбе облысында аудандық ауруханаға жаңа жабдықтар жіберілді
Жарқын болашақ жолындағы сенімді серіктес
Астанада есірткіні насихаттайтын 200-ден астам сайт бұғатталды
Шайх-Хасан Жазықбаев, генерал-майор: Армияда жастарға үлгі болар азаматтар көп