«Делдалдар Астанадағы азық-түлік бағасын 50 пайызға дейін қымбаттатып отыр», - әкімдік

Азық-түлік бағасының шарықтауына алыпсатарлар кінәлі. Олар бағаны қолдан өсіріп отыр. Билік өкілдері осылай дейді. Бірақ, оларға тек ескерту жасауға, оны тыңдамаса, айыппұл салуға ғана қауқарлы. Ал халық бұған наразы. Бағаны ауыздықтаудың жолын қалай да табу керек қой деп қынжылады. Әйтпесе, күннен күнге шарықтап жатқан азық-түлік құны қалтаны қағып тұр. Наннан бастап, күнделікті тұтынатын тамақтың бәрі қымбат. Тілшіміз Ақбота Базарбай базарға барып келді.Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Қазір біз астананың ірі дүкендерінің біріндеміз. Бал, қаймақ, шұжық деп ұртымызды майламай-ақ, күнделікті керек заттарды қазір алып, бағасын есептеп көрейік. Жұмыртқа, ұн, макарон өнімдері, нан, сұйық май, сүт, тауық еті осың өзі 10 мыңнан асып тұр қазір. Бұрын нан, үн, макорнның өзін мың теңгеге алсақ, қазір ол ақшаға қазір ол ақшаға сапалы 1 шәй ғана аласыз. Қымбатшылық шектен шығып барады. Тапқанымызды тамаққа жаратамыз дейді тұрғындар. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Қызанақ қымбат, огурцы қымбат бізге алғанға. Алмалардыкы екі есе, үш есе қымбат. - Қымбат, сапасы да нашар. Картошканы шұқып-шұқып 1-2 әзер аласың. Морковь солай, пияз да солай. Пияз арзандайды деп еді арзандаған жоқ. - Бүгін келсең, екі күннен кейін келсең қымбат баға тұрады. Адамдардың жағдайы келмейді бұндай бағаны ала беруге. Қымбатшылыққа мерзімдік факторлар әсер етеді. Тұрақтандыру қорындағы өнімнің азаюы, коммуналдық төлемдердің көтерілуі, тыңайтқыштардың қымбаттауы, шығынның артуы тауар құнының өсуіне әкеледі дейді сатушылар. Ол аздай қаптаған көп делдал азық-түлікке үстеме бағаны 50 процентке өсіріп жіберген. Балауса ИБІЖАНОВА, САТУШЫ: Поставщиктер бағаны өздері қояды. Қымбат келеді. Бізге тауарды сол арзанырақ алып келсе қолайлы, тиімді болатын еді. Мұны жауаптылар да мойындайды. Бірақ жұмыс істеп жатырмыз дегеннен артық ештеңе айта алмайды. Мақсат ЖАҢАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Азық-түлік бағасының өсуіне негізінен делдалдық схемалар әсер етіп отыр. Бұл жерде азық-түлік өндірушілер бағаны көтеріп жатпағанын айту керек. Бағаны делдалдар көтереді. Солар бағаны 50 пайызға дейін қолдан қымбаттатады. Бүгінгі таңда бұл бағытта өңірлік комиссиямен бірге жұмыс жүргізіп жатырмыз. Саудадағы үстемақы 15 проценттен аспауы тиіс. Бағаны негізсіз өсірген делдалдарға, жалпы құқық бұзушылық жасаған адамдарға ескерту берілген. Егер ол қайталанса, айыппұл салынады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
85 млн теңге қарызы көлік жүргізушісі ұсталды
Бас бапкер Азия чемпионаты туралы: Екі салмақ дәрежесіндегі нәтижемен келіспейміз
«Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін»: бостандыққа шыққан актер жантебірентер жазба жариялады
Екі баланы қатар сүндеттегенде жасалатын ырым бар ма?
Қызылорда қысқа дайын болмағаны ма?
Қызылорда облысында есірткі зертханасы жойылды
Әскерден неге қаштың, бала батыр?
Бүгін 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Күйдіргіден қауіп көп
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жел екпіні күшейеді: құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
Қалжыңдаймын деп айыппұл арқаламаңыз: ІІМ ескерту жасады
Нашақорлықпен күрес күшейді
Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Қаржылық сауат балабақшадан басталады
Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды