"Делдалдар электр энергиясының тарифін негізсіз өсіріп отыр", - Е.Жаңбыршин

Елімізде 120-дан астам реттелмейтін жеке компаниялардың бір жылдық таза табысы кемі 150 миллиард теңгені құрайды. Олар тек делдалдық қызмет арқылы, кеңседегі азғантай ғана қызметкерлерімен, халықтың адал табысынан миллиардтап қаржы тауып отыр. Мәжілісмен Еділ Жаңбыршин бұл туралы өзінің депутаттық сауалында көтерді. Ол нарықта электр қуатын көтерме бағамен сатып алып және тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын компанияларды сынға алды. Онымен қоймай олар электр энергиясының тарифінде негізсіз өсіріп отыр деді. Депутат мұндай делдал ұйымдарды мүлдем алып тастауды ұсынды.Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Сорақысы, бұл ұйымдардың балансында бір метр электр желісі, тіпті электр бағаны мен трансформаторы жоқ. Бұл не деген батпан құйрық?! Егер де бюджеттік ұйымдарды, адал кәсіпкерлерді, ең бастысы халықты сүлікше сорып отырған, қанағатсыз делдалдардың қызметі дәл осылай жалғаса беретін болса, бұның түбі қоғамда саяси-әлеуметтік шиеленіске әкелуі әбден мүмкін

Читать источник astanatv.kz/kz/
2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті
Қарлы боран астанаға қарай жылжып келеді
Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін
Кілтіңізді көршіңізге қалдырмаңыз!
Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді
Меркідегі "мереке"
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Сенаторлар Qazcontent ұжымымен кездесті
Нұрбек Оралбай ұлттық құрамадағы жаттығуына қашан оралады?
Көлікті өрттен қалай қорғауға болады?
Негізсіз жұмсалмақ болған 55 миллиард теңге бюджетке қайтарылды
Мәжілісмендер Петропавлда құны 851 млн теңгелік бөгет жұмысымен танысты
Музыкалық мектеп 18 мың бөтелке сірке суын сатып алмақ болған
Өнерде тұлғаларды бай мен кедей деп бөліп зерттеу олардың есімін ұрпақ санасынан өшірді – күйші Жанғали Жүзбай
Ауылдардағы денсаулық сақтау мәселесі депутаттардың бақылауында
Ұлттық банк теңге бағамына қатысты ахуалды түсіндірді
2024 жылы елімізде 36 заңсыз крипто айырбастау пункті жойылды
Алдағы үш күнде елімізде 25 градусқа дейін аяз болады
Еуропа елдерінде тұмау өршіп тұр
Таразда мас ер адам күзетшімен төбелесіп, полиция қызметкерін жарақаттаған