Үнді қаласындағы ауа сапасының индексі 500-ге жетті. Бұл – мүмкін болатын ең жоғары көрсеткіш. Көрсеткіш Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) нормасынан 100 есе жоғары.Ауа сапасының қазіргі жағдайына байланысты Дели билігі мектептерді жабуға мәжбүр болды. Бұл туралы The Guardian жазды. Кейінгі аптада көршілес Харьяна және Пенджаб штаттарында егіс науқаны кезінде егістіктерін өртеп жіберген фермерлер санының артуына байланысты қаладағы ауа сапасы нашарлады. Кейінгі күндері Пенджабта фермадағы өрттер 740% өскен. Бір күнде мыңнан астам өрт тіркелген. Қаланың ластануының басқа себептеріне көліктердің шығарындысы, құрылыс және қалдықтарды өңдеу зауыттарындағы қалдықты өртеу жатады.Шамамен 33 миллион адам тұратын Дели әлемдегі ең ластанған қала ретінде тұрақты айтылып келеді. Чикаго университетінің энергетикалық саясат институты жасаған биылғы өмір сапасының индексіне сай, Дели тұрғындары тыныс алатын ауаның нашарлығына байланысты өмірін 11,9 жыл қысқартуы мүмкін.