Қазгидромет 18 қарашадағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Bugin.kz.Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады. Жаңбыр, қар, көктайғақ, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен ашық, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман, жел күшеюі мүмкін. Күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да көп жел күтіледі.