Демалыс орындарына тағам мен сусын алып кіруге бола ма?

«Демалыс орнында тамақтансаңыз 20 мың теңге төлейсіз!». Кәсіпкерлер заңды белшеден басып жүр. Тұрғындарға өз өнімдерін өткізу үшін сырттан тамақ алғызбайды. Заң бойынша рұқсат екенін айтсаң, «санитарияны» сылтау етеді. Мұндай жағдайда не істеу керек? Әріптесім жауап іздеді.Күн жылып, жағажайға келушілер көбейді. Ыстық күнде жанға дауасы да - осы. Күйбен тіршіліктен алыстайын деген тұрғындар демалыс орнына бір күн үшін қыруар қаржы құяды. Сөйте тұра, кәсіпкерлер ойлап тапқан заңға бағынуға мәжбүр. Олай дейтініміз, демалушылар ішіп-жемін үйден алып кіре алмайды, бәрін сол мекеменің ішінен алуы керек. Бұл - тұрғындардың қалтасын екі есе қағады. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Әрине, жай адамға өте қымбат. - Қымбат, конечно, қымбат барлығы. - Қымбат. Астанада арзан зат жоқ деп ойлаймын өзімше. - Бағалары қымбаттау, условиясына бағасы сәйкес келмейді. Заң бойынша демалушы тек аумаққа кіру үшін ақы төлеуі тиіс. Егер кәсіпкер қолыңыздағы тауарды өткізбесе, өз құқығыңызды қорғай аласыз. Себебі, сатып алынған сусын мен тамақ -тұтынушының жеке меншігі. Бұл Заңда анық жазылған. Десе де, кейбір кәсіпкерлер бұл талапқа міз бақпайтын сыңайлы. - Өзімізбен бірге тамақ алып кірсек болады ма? - Өзіңізбен бірге тек су мен фрукты алуға ғана болады. - Тамақ алып кірсек ше? - Фрукты мен су ғана, болды. Егер тамақ алып кірсеңіз онда оплата двойная болады. - Заң бойынша тамақ алып кіруге рұқсат етілген еді ғой? - Бізде руководство рұқсат етпейді. Себебі, «санитарная норма» дегенді білесіз бе? Частная организация... - Демек, мен тамақ алып кірсем онда, шамамен 20 мың теңге төлеуім керек болады иә? -Иә, иә, иә... Кәсіпкерлердің қуын қарай гөр! Артық тамақ алып кіргің келсе, «20 мың төле» деп қысылмай айтты. Әрине, мұны естіген тұрғындар екі есе ақы төлегеннен гөрі, сол жерден тамақтануды жөн көреді. Ал, мұндағы ішіп-жемнің құны қарапайым азық-түлік дүкендеріндегі бағадан 2-3 есе қымбат екені айтпаса да түсінікті. Тұрсын ЖАППАРОВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҰЙЫМЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қолыңда тамағың бар кірмейсің, тамағың жоқ кіресің деген деген ондай мүлде заңда жоқ ондай, қарастырылмаған. Мысалы, табличка тұрады, бір ойын-сауық, бір демалатын жерде өз тамағыңмен келуге болмайды деп. Сол жерде міндетті түрде сол жаңағы ақпаратты суретке түсіріп алып, әр тұтынушы сол жерде тұрып полиция шақыруға құқысы бар. Полиция келеді де оларға айыппұл салады. Егер осындай жағдаймен бетпе-бет келсеңіз, бірден тұтынушы құқығын қорғау комитетіне хабарласыңыз. Жауаптылар тиісті шара қабылдайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Астанада кезекті жайлы мектеп пайдалануға берілді