Синоптиктер 26-28 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Massaget.kz Метеорологтардың болжауынша, жақын күндері Қазақстанда 26, 28 тамызда батыс және шығыс облыстарда, 26-28 тамызда солтүстік-батыс облыстарда, 27-28 тамызда солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда күн күркіреп, бұршақ жауады, сондай-ақ, екпінді жел күтіледі."Қазақстанда ауа температурасы біртіндеп төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.