Демалыста жүрген медбике Вьетнам мейрамханасында жүрегі ауыратын туристің өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі VietNamNews сайтына сілтеме жасап.Оқыс оқиға 24 наурызда Дананг қаласындағы мекемелердің бірінде болды. Үндістаннан келген шетелдік саяхатшы Нариндер Джин әйелімен кешкі ас ішіп жатқанда, кенеттен жүрегі тоқтап, есінен танып қалды.Қуанышқа орай Бахмай ауруханасының жедел жәрдем орталығының медбикесі жақын жерден табылып, ер адамға жасанды дем беріп, жедел медициналық жәрдем шақырған. Көп ұзамай Джин есін жиып, одан әрі емделу үшін ауруханаға жатқызылды. Бұған дейін үндістандық жүректің ишемиялық ауруымен ауырғаны және жүрегіне шунттау жүргізілгені анықталды. Дереккөздің мәліметіне сәйкес, соңғы екі күнде оның асқазан-ішек жолдары ауырып, өзін жайсыз сезінген.