Қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.Денис Никиша 500 метр қашықтықта ширек және жартылай финалдық сайыстарын сәтті өткізді. Сөйтіп ол А финалында өнер көрсетуге жолдама алды. Денис бес спортшының қатарында біріншілік жүлделерін сарапқа салады. Осыған дейін бірде-бір қазақстандық шорт-трекші әлем чемпионатында жүлдеге іліккен емес.