Денис Тенді көріп, қазақ еліне ғашық болдым – жапон қызы Мисаки

Денис Тенді көріп, қазақ еліне ғашық болдым – жапон қызы Мисаки

Жапониялық Мисаки Эбина қазақ тілін бар болғаны жеті айда үйреніп алған. Оған себеп болған – қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Денис Тен! «Менің атым Мисаки, ал қазақша атым – Айгүл. Танысқаныма қуаныштымын! Мисаки есімімнің «ми» деген мағынасы жапонша «әдемі» деген сөз, ал «саки» сөзі гүл деген мағына береді. Осы есімге орайластырып «Айгүл» есімін таңдадым», дейді Мисаки. Ол алғаш Қазақстанға келген жеті жыл бұрынғы сапарын еске алды. «Өткен жылы қазақ тілін үйрену үшін Алматыға келдім. Бірақ, бұл алғашқы сапарым емес. Ең бірінші рет Қазақстанға жеті жыл бұрын келгенмін. Оған әсер еткен – сіздердің әйгілі спортшы Денис Тен! Мен 2014 жылы Сочиде өткен XXII Қысқы Олимпиада ойындары өткен кезде теледидардан алғаш рет Денис Тенді көрдім. Сол кезде ол қазақ ұлттық киімін киіп, «Тұранның» орындауындағы қазақ ұлттық музыкасына биледі. Бұл көрініс маған қатты ұнады. Содан кейін, мен күніне екі сағат, кейде, тіпті, төрт сағат оның видеосын көрдім», - деп, алғашқы сапарын еске алды.Еске сала кетсек, 2014 жылғы 7-23 ақпан аралығында Ресейдің Сочи қаласында халықаралық спорттық іс-шара – XXII Қысқы Олимпиада ойындары өтті. Осы Олимпиадада Денис Тен қол жүлде иеленді. Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Денис Тен туралы Мисаки ерекше ыстық ықыласпен еске алды. Денис – Қазақстандағы ең бірінші әлемдік додаға қатысқан мәнерлеп сырғанаушы. Оның есімі мәңгілік ел есінде, мақтанышпен айтатын қазақтың ұлы. Мұз айдынында шыр көбелек айналып билегенде бильман деген қиын элементті ерлер арасында өте шебер орындай алатын санаулы спортшының қатарында болды. Бірі білсе, бірі біле бермейтін факт: жас спортшы мәнерлеп сырғанаудан өзге теннис, акробатика, таэквондо, каратэ үйірмелеріне барған және жүзумен айналысқан. Би және көркемсурет мектептерінде де білім алған. Музыка мектебінің 5 сыныбын тәмамдап, хорда ән салған. «Бірінші рет, тек оның өмірі қандай жақсы екен деп ойладым. Одан кейін Денис Теннің болмысы, мінезі де керемет екенін түсіне бастадым. Сондықтан, спортшының туған елі Қазақстан туралы пікірім қалыптасты. Қызығып, екі жылдан кейін алғаш рет Қазақстанға өзім келдім. Оның мұздың үстінде сырғанаған өнерін өз көзіммен көргім келді. Сол кезде Алматының әдемі жерлерін араладым. Маған Қазақстандағы ас, тұрғындардың шетелдіктерге қарым-қатынасы қатты ұнады. Сол кезде сіздердің елге қайта болашақта тағы келетінімді білетінмін», - дейді Мисаки. Жапон қызы Мисаки Эбинаның бұл сөзі өнердің қаншалықты құдіретті, шекарасыз екенін тағы бір дәлелдеп тұрғандай... Ол қазақ мәдениеті Денис Тен арқылы ғашық болып, тұтас тағдырын Қазақстанмен байланыстыруды шешіпті. «Ал, өткен жылы барғанымда, шамамен бір жыл бойы Алматыда тұрдым. Әрине, өмірім өте күшті болды. Бұрынғыға қарағанда, адамдармен көбірек таныса алдым. Көбірек қазақ мәдениетімен таныстым. Күнде дәмді тағам түрлерінен дәм таттым. Маған қатты ұнады. Қазір мен Жапониядамын. Бірақ күнде Қазақстанға қайта барғым келетінін жасырмаймын. Менің өмірлік мақсатым – Қазақстан туралы жапондықтарға көп ақпарат беру, сіздердің мәдениетті таныстыру. Сондықтан қазір Жапониядағы Сыртқы істер министрлігі, Орталық Азияға қатысты бөлімінде жұмыс істеп жатырмын. Сондықтан, тағы алдағы бірнеше жылда осы жерде жұмыс істемек ниеттемін. Ал, содан кейін, мүмкін, өзім компания ашып, Қазақстанға байланысты әр түрлі жұмыс істегім келеді», - дейді Айгүл. Жапонияның Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейтін ару бірнеше тілді қатар меңгерген. «Мен жапон, қазақ және ағылшын тілін білемін. Бұрын орыс тілін де үйренген едім, бірақ ұмытып қалдым. Ал қазір кішкене кәріс тілін де үйреніп жүрмін, себебі жапон, корей және қазақ тілі грамматика жағыннан ұқсас келеді, оларды салыстыру өте қызық», - дейді. Қазақ-жапон халықтарының ұқсастықтары мен байланысы жайлы Алаш зиялылары да жазғаны жасырын емес. Тереңінен зерделесек, бір-біріне жат ұлт жоқ, бәрі де бір адамның баласы, дейді жапон қызы. «Мен, сондай-ақ, қазақ музыкасын тыңдауды қатты ұнатамын. Димаш Құдайберген, Ninety One сияқты әлемде әйгілі әншілерді жақсы көремін. Сонымен бірге Айқын Төлепберген, Зируза Тасмағамбетова және Ғазизхан Шекербековті де тыңдаймын. Бүгінгі таңда Құрмаш Маханның «Аяулым» әнін күнде тыңдап жүрмін», - дейді ол. Айгүл, сондай-ақ, қазақ ас үйін, дәстүрін де зерттегенді ұнатады. «Ет пен қазының дәмі тіл үйіреді. Қазақ халқы – өте мейіріміді әрі қонақжай. Маған әсіресе, қазақтың түсқиіз деген кесте тігу мәдениеті қызық. Қазақтар бұрында көшпелі өмір сүрген кезде анасы өзінің қызына 3-6 ай ұзақ уақыт жұмсап, түскиіз жасапты. Түскиіздегі әр оюда әр түрлі тілек болады екен. Бақыт, денсаулық, байлық сияқты. Қазақ халқы қыз баланы тұрмысқа бергенде бақытты болсын деген тілекпен түскиізді сыйлаған. Осындай ырымын, мәдениетімен танысып, таңқалдым. Сондықтан мен де Денис Тенге түскиіз сияқты кілем тігуге шешім қабылдадым. Содан 3 ай бойы достарыммен ойнамай, бір күн демалмай, кесте тіктім. Кейін іс-шаралардың бірінде журналист менен «Мұны Дениске сыйлағыңыз келе ме?» - деп сұрады. Мен «әрине»деп жауап бердім. Содан кейін Жапонияда онымен кездесіп, өзім жасаған кілемінді сыйға тартқан едім», - дейді Мисаки. Қазақтың тілін, мәдениетін, дәстүрін әлемге паш еткен Денис Теннің рухына мәңгілік тағзым! Осы ретте, Азаттық рухы тілшісі спортшының жетістіктерін оқырман үшін тағы бір еске сала кетуді жөн көрді: Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның бес мәрте чемпионы, Олимпиада-2014 қола жүлдесінің иегері, әлем чемпионатының үш дүркін чемпионы, халықаралық конькимен сырғанаушылар рейтингінде 9-орындағы спортшы. Денис 12 жасында, 2006 жылы, Қазақстанның чемпионы атанды. 13 жасында Голландияда гран-при алған жасөспірімдер арасындағы үздік ондық қатарына кірді. Бұл – ол қатысқан ең алғашқы халықаралық жарыс. 2018 жылға дейін ол – Қазақстанға олимпиада ойындары, әлем чемпионаты, қысқы Азия ойындары және гран-при кезеңінен медаль алып келген алғашқы және жалғыз спортшы. Сондай-ақ, Денис Тен – әлемде бильман атты элементті жасай алатын санаулы спортшының бірі. 2010 жылы Олимпиада ойындарында 11-орын иеленді. 2011 жылы ақпанда Алматыдағы Азиадада Денис алтын жүлдені қанжығасына байлады. Сол жылы Франциядағы әлем чемпионатында Тен жетінші орынды иеленді. 2013 жылы Денис Канададағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. 2013 жылы Канаданың Лондон қаласында өткен әлем чемпионаты қазақ спорты тарихына алтын әріппен жазылды. Өйткені, Денис Тен ел тарихында алғаш рет әлем чемпионатының күміс жүлдесін алып берді 2014 жылы өткен Сочи Олимпиадасында 3-орын иеленді. 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2015 жылғы Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы, VII Қысқы Азия ойындарының чемпионы, ISU қамқорлығымен түрлі халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстанның бес дүркін чемпионы. 2017 жылы Алматыда өткен Универсиадада Денис өзінің деңгейін тағы бір көрсетіп, алтын жүлдеге ие болды. Гран-При кезеңдерінің бірінде күміс медаль алды. 2013 жылдан бастап спортшы «Денис Тен және оның достары» атты мұз айдындағы шоуға продюсерлік етті. 2014 жылы Денис Теннің шоуы үшін Жапониядан 500 турист келген болатын.

Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
  • aqshamnews
Қостанай облысында Тәуелсіздік күніне орай 15 жаңа медициналық нысан ашылды
Қостанай облысында Тәуелсіздік күніне орай 15 жаңа медициналық нысан ашылды
  • el.kz
Алматыны қар басты: тұрғындар мен жүргізушілерге үндеу жасалды
Алматыны қар басты: тұрғындар мен жүргізушілерге үндеу жасалды
  • Massaget
 Асанәлі Әшімұлы,  Қазақстанның Еңбек Ері:  Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
  • aqshamnews
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
  • aqshamnews
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
  • aqshamnews
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
  • aqshamnews
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
  • aqshamnews
Қазақстан Тәуелсіздік жылдары қандай жетістіктерге жетті?
Қазақстан Тәуелсіздік жылдары қандай жетістіктерге жетті?
  • el.kz
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
  • halyq-uni
Алматы тұрғындары мен жүргізушілерге үндеу жасалды: 16 желтоқсан 2024, 09:53 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматы тұрғындары мен жүргізушілерге үндеу жасалды: 16 желтоқсан 2024, 09:53 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Президент қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
  • turkystan
Доллардың бүгінгі бағамы қандай?
Доллардың бүгінгі бағамы қандай?
  • baq.kz
Алматыны қар басты: тұрғындар мен жүргізушілерге үндеу жасалды
Алматыны қар басты: тұрғындар мен жүргізушілерге үндеу жасалды
  • Massaget
Мені алаңға алып шыққан аталарымның рухы - желтоқсаншы
Мені алаңға алып шыққан аталарымның рухы - желтоқсаншы
  • baq.kz
Мемлекет басшысы ел халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы ел халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
  • sn.kz
Ауыр атлетикадан ӘЧ аяқталды. Қазақстанның орны қандай?
Ауыр атлетикадан ӘЧ аяқталды. Қазақстанның орны қандай?
  • penalty
  Бұл мерекенің маңызы зор, мәні ерекше – Ерлан Қошанов
Бұл мерекенің маңызы зор, мәні ерекше – Ерлан Қошанов
  • aikyn
“Ләззат Асановаға арналған“. Танымал “Қазақ қызы“ әнінің жиырма жылдан кейінгі жұмбағы туралы
“Ләззат Асановаға арналған“. Танымал “Қазақ қызы“ әнінің жиырма жылдан кейінгі жұмбағы туралы
  • Massaget
Ерлан Қошанов: Тәуелсіздік елдік рухымызды асқақтатты
Ерлан Қошанов: Тәуелсіздік елдік рухымызды асқақтатты
  • baq.kz
Астанада 12 000 көрермен ел Әнұранын орындады
Астанада 12 000 көрермен ел Әнұранын орындады
  • el.kz
Абай облысында демалыс аймағы өртенді
Абай облысында демалыс аймағы өртенді
  • baq.kz
  Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
  • aikyn
Бүгін – Тәуелсіздік күні
Бүгін – Тәуелсіздік күні
  • baq.kz
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
Суперкомпьютер Чемпиондар лигасының жеңімпазын анықтады
Суперкомпьютер Чемпиондар лигасының жеңімпазын анықтады
  • penalty
Ауыр атлетика: Әлем чемпионаты қалай өтті?
Ауыр атлетика: Әлем чемпионаты қалай өтті?
  • el.kz
Қырғыз президенті Садыр Жапаров футбол турниріне қатысып, 14 гол соқты
Қырғыз президенті Садыр Жапаров футбол турниріне қатысып, 14 гол соқты
  • 1bol.kz
Қазақстан аралас жекпе-жектен әлемнің үздік құрамасы атанды
Қазақстан аралас жекпе-жектен әлемнің үздік құрамасы атанды
  • bassport.kz
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды: 15 желтоқсан 2024, 17:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды: 15 желтоқсан 2024, 17:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
  • sn.kz
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
  • penalty
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады: 16 желтоқсан 2024, 08:02 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады: 16 желтоқсан 2024, 08:02 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр: 15 желтоқсан 2024, 13:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр: 15 желтоқсан 2024, 13:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
«Жігіт сасқалақтап қалды»: Нюшаға қазақша ән шырқатқан Қайрат Нұртасқа халық риза болды (ВИДЕО)
«Жігіт сасқалақтап қалды»: Нюшаға қазақша ән шырқатқан Қайрат Нұртасқа халық риза болды (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Бала-шағамды кім асырайды?»: Әнші Сырым Исабаев жұртты ойландырып қойды
«Бала-шағамды кім асырайды?»: Әнші Сырым Исабаев жұртты ойландырып қойды
  • sn.kz
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған концерт өтті
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған концерт өтті
  • el.kz
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
  • halyq-uni
Қолайсыз ауа райы: қар құрсауында қалып қойған 13 жүк көлік пен жолаушылар құтқарылды
Қолайсыз ауа райы: қар құрсауында қалып қойған 13 жүк көлік пен жолаушылар құтқарылды
  • almaty_tv
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
  • halyq-uni
Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
  • qaz365.kz
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
  • turkystan