"Денсаулығында ақауы барларды әскерге баруға мәжбүрлемейміз" : Министрлік көшеден ұстап, әскерге алып кету жағдайларына түсінік берді

Қазақстан Қарулы Күштерінің бас штабы азаматтарды көшеден ұстап, мәжбүрлі түрде әскерге алып кету жағдайларына түсінік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Stan.kz тілшісі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "азаматтарды көшеден ұстап, әскерге алып кету деректері көптеп тіркелуде. Сондай-ақ, денсаулық жағдайы әскерге баруға жарамаса да алып кететінін айтып шағымданғандар бар. Бұл мәселені қалай шешуше болады? Жастарды әскерге ынталандыру үшін министрлік басқа қандай шаралар қабылдап жатыр?", - деп сұрақ қойды. Сауалға жауап берген ҚР Қарулы Күштерінің бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің офицері, подполковник Руслан Тапашев негізінде әскерге шақыруды ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдар жауапты екенін айтты. “Әскерге шақыру жіберілген, бірақ өз еркімен пункттерге келмеген азаматтар бар. Сол себепті жергілікті атқарушы органдар тарапынан рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады. Ол іздестіру жұмыстарына жергілікті полиция қызметкерлері тартылады. Сол себепті мұнда шақырту қағаздары бойынша әскерге шақыру пункттеріне келмеген азаматтар мәселесі болып отыр", - деді Руслан Тапашов. Сонымен қатар ол әскерге шақыру бойынша медициналық комиссиялар бар екенін атап өтті. "Бұл комиссиялар облыс көлеміндегі, республикалық маңызы бар қала көлеміндегі денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, орынбасарлары тарапынан жүргізіледі. Шынымен денсаулығында ақауы бар азаматтарды әскерге шақыруға жол берілмейді. Жастарды әскерге ынталандыру үшін тегін жоғары білім, несие төлемін уақытша тоқтату сынды игі шаралар қолға алынып жатыр", - деді Руслан Тапашов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу жыл соңына дейін аяқталады - ІІМ
«Қош келдің өміріме»: Ақбота-Нұр жеке өміріндегі жаңалығын жария етті
Граниттің орнына киім: Қытайдан келген контрабанда мемлекет пайдасына тәркіленді
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
Мереке күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
Қазақстан ауыр атлетика федерациясына жаңа басшы келді
Қазақстанда қанша қаржы компаниясы жұмыс істейді?
Тұрғын үйді несиеге алатын Қазақстан азаматтарының саны күрт артты
Музыка ғасыры Жанар Сүлеймановамен шексіз гармонияға саяхат
Елдос Сметов «Жылдың үздік дзюдошысы» марапатынан үміткер
Алматыда бейнебақылау арқылы қылмыс азайды
Мерзімді қызмет сарбаздары парашютпен алғаш рет секірді
Алматыда полиция студенттердің жатақханасын тексеріп жатыр
Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті
Алматыда полиция қарақшыларды ұстады
Бокстан Азия чемпионатында тағы бір алтынды Айбек Оралбай алды
Сағындық Тоғамбай бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші алтынды салды
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын
Қала тұрғындары үшін жайлылық: Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғындары нені мақтан тұтады
Қазақстандық фильм спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды
Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады
Ғылым мен мәдениеттің тоғысқан тұғыры
«Назарбаев» әлі де өз күнін өзі көре алмай жүр...
Алматыда 29 жасөспірім полицияға жеткізілді