Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазақстандықтарға үндеу жасады

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазақстандықтарғы үндеу жасап, қызылшаға қарсы екпе алуға шақырды, деп хабарлайды үкімет Telegram-дағы ресми арнасында.Қазіргі уақытта Қазақстанда, сондай-ақ әлемнің көптеген елінде қызылша ауруына қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр. Министр соңғы екі айда елімізде сырқаттанушылар саны күрт өскенін, биыл 13 мыңнан астам адам қызылша жұқтырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ауру жұқтырғандардың 83 пайызы балалар, негізінен 5 жасқа дейінгілер. Олардың 70 пайызы екпе алмаған. Науқастардың арасында екпе алмаған ересектер де бар. Ажар Ғиният инфекцияның таралуының артуы салдарынан Қазақстанда қосымша жаппай екпе алуды жүргізу туралы шешім қабылданғанын, бұл қаңтар айының соңына дейін жалғасатынын айтты.«Вакциналау мәртебесі жоқ балаларға, инфекция ошақтарында болған ересектерге екпе егеміз. Баршаңызды аурудан сақтану үшін емханаға шақырамыз», - деді Ажар Ғиният. Денсаулық сақтау министрі инфекциялық аурудың екпемен алдын алуға болатынын ескертті. «Бүгінгі таңда қызылша вирусының өзіне тән емі жоқ, сондықтан мұндай қауіпті инфекциядан құтылудың жалғыз жолы екпе егу болып отыр. Вакцинаның өзінен қорықпау керек, ол тексерілген. Біз оны жыл сайын ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес қолданамыз», — деп түйіндеді Ажар Ғиният.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада Марин Томасов атындағы көше пайда болады
«Ювентус» 21 ғасырдағы антирекордын орнатты
Тәуелсіздік күніне орай елордада конкурдан жарыс өтіп жатыр
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Келер жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 50 млрд теңге бөлінеді
Патриоттардың екі буыны Отанға адал болуға ант берді
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Павлодар облысындағы алтын кенішінде ер адам қаза тапты
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Атырауда бір топ адам намаз оқу үшін жолды жауап тастаған (АИДЕО)
Сақинасын шеше алмаған жас келіншек құтқарушылардан көмек сұрады
Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жарияланды
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды: 15 желтоқсан 2024, 13:10 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Түркістан мен Жамбыл облыстарында жолдар жабылды
Илья Ильиннің әйгілі қарсыласы үшінші рет әлем чемпионы атанды
Илья Ильиннің әйгілі қарсыласы үшінші рет әлем чемпионы атанды