"Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды әлсіретіп алды", - О.Бектенов

Биыл ұлттық жоба аясында қолға алынған 239 медициналық объектінің жүзден астамының ғана мердігер компаниясы анықталған. Оған денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктердің қаржыландыруды шеше алмауы себеп. Бұл туралы бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты. Ол алдағы көктемде құрылысы басталуы тиіс нысандардың әзірлігін сынға алды. Салада тағы қандай мәселелер бар. Әріптесім Бекболат Сатуов айтады. Бекболат САТУОВ, АРНАЙЫ ТІЛШІ: «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының нәтижесін халық көріп отырған жоқ. Үкіметте бірнеше рет қаралды, бірақ әзірге нақты нәтиже жоқ. Бүгін мәселе тағы қаралды. Премьер-министр денсаулық министрлігі бақылауды әлсіретіп алғанын айтты. Өткен жылы 309 объектіні салу жоспарланған. Бірақ жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау жұмыстары тым ұзаққа созылып кеткен. Әлі күнге дейін 7 нысан аяқталмаған. Ал биыл 239 объектінің жобалық құжаттамасы дайын, бірақ оның 109-ы бойынша ғана мердігер компаниялар айқындалған. Қалғандары әзірге нақты істен гөрі, жалаң сөз күйінде қалып отыр. Осылай деген Премьер-министр кей өңірлерде құрылысы тұралап қалған обектілерді де сынға алды. Соның бірі Қостанайдағы балалар ауруханасы. Құрылысы 4 жылдан бұрын басталған. Қашан аяқталары белгісіз. Данияр ЖАНДАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Техникалық зерттеулер жөндеу жұмыстарының 50 пайызы орындалғанын көрсетті. 2020 жылы күрделі жөндеу жоба құны 1миллиард 200 миллион теңге болған еді. Кейінгі үш жылда құрылыс матераилдарының құны 3 процентке дейін көтерілді. Сол есепті ескерсек ендігі қаражат көлемі 1,5 миллиард теңгеге шығып тұр. Бақылаудың жоқтығы сала жұмысын әлсіретіп жіберген. Мерзімінен кешігу, сапасының сын көтермейтіні секілді мәселе шаш етектен. Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Жобаны үйлестіру және мониторингтеу міндеті «Turar Healthcare» ұлттық операторына жүктелген. Алайда, көріп отырғанымыздай, оның орындалу сапасы нашар. Объектілерге барып, құрылыс жұмыстарын бақылау жүргізілмейді. Әрбір объектінің құрылысын құжаттарды дайындау, қаржыландыру кезеңінен бастап, уақтылы тапсырғанға дейін күнделікті бақылауға алу қажет. Салада тағы бір өзекті мәселелердің бірі кадр тапшылығы. Жетіспеушілік әсіресе аймақтарда басым. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Дәрігер мамандары Қостанай облыс бойынша жетіспейді. Гастроэнтеролог, нефролог, невропотологтар бізге жеткіліксіз. Өзім сол салада жұмыс істеймін. - Уролог жоқ,стамотолог жоқ. Көп врачтар жетіспейді. Терапевт жетіспейді. Ақылы жерге де барамыз. Күтеміз айлап. 2-3 ай күтеміз.Оған жазылғанның өзінде жете алмай қаламыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жазушы Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
"37 пайызға дейін су үнемдеу": Министрлік мажарлық препарат сынағын жариялады
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден Тунисте өтетін Гран-при кезеңіне қатысады
Батыс Қазақстан облысында бірнеше жол жабылды
БҚО-да құтқарушылар іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізді
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Мұрат Нұртілеу Мажарстан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті