"Денсаулық сақтау нысандарының жартысынан көбі тозған",- Ә.Смайылов

Ақтөбе облысында жүзге жуық медициналық мекеме жетіспейді. Дәрігерлер мектеп пен әкімдік ғимараттарын жағалап жүр. Жағдай Оралда да мәз емес. Емдеу мекемелерінің әбден тозығы жеткен. Үкімет отырысында бүгін еліміздегі емдеу орындарының жай-күйі талқыланды. Премьер-министр Әлихан Смайылов жауаптыларға қандай тапсырма жүктеді? Тілшіміз Бекболат Сатуов тарқатады. Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы мен көпсалалы аурухана ғимараттары он жылдан бері жөндеу көрмеген. Ал №2 қалалық емхананың салынғанына да ғасырға жуық уақыт болған. Тек биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Өңір тұрғындары да облыс орталығындағы ауруханаларда тиісті жағдай жасалмаған дейді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Я переломом поступила в БСМП .... Мен аяғымды сындырып алып, жедел жәрдем ауруханасында жатып ем алдым. Дәліздері, палаталары енді ескі, көңілге қонымсыз, Қабылдау бөлімі де сондай. - Все старое... Қазір көп аурухана, емханалар ескі. Ауруханаға жаттым. Бір ғана дәретхана бүкіл бөлімшеге. Түк жағдай жоқ. - Кейбір аурухана иістен не возможно отыра алмайсың, жаман иіс шығады. Сондай жағдайларды дұрыстаса. Іші жылы болу керек. Көп көңіл бөлу керек қой больницаларға.Оралдағы тері-венерологиялық диспансердің де әбден тозығы жеткен. Он сегізінші ғасырда салынған ғимарат 20 жылдан бері жібі түзу жөндеу көрмеген. Енді 243 миллион теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, диспансер екі бөліктен тұрады. Нысанның ескі бөлігінің 100% тозығы жеткен. Кейін жапсарлас салынған блоктың да жағдайы мәз емес. Екатерина ОЛЬХОВСКАЯ, БҚО ТЕРІ-ВЕНЕРОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕР ДИРЕКТОРЫ: Ғимарат өте ескі. Жаңбыр жауса, қар ерісе төбеден су ағатын. Осыған дейін уақытша жөндеп, біртіндеп амалдап келдік. Бірақ бірер жылдан кейін бәрі қайта бүлінетін. Науқастарды қабылдау қиын еді. Ыстық су жоқ болатын. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, еліміздегі емдеу мекемелерінің жартысынан астамы тозған. Өңір әкімдіктеріне мәселеге немқұрайлы қарамай, оны шешуді тапсырды. Әсіресе, алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілеріне ерекше көңіл бөлу қажет деді. Себебі медицина саласындағы жұрттың көңілі толмайтын тұсы да осы екенін атап өтті. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету үшін өңір әкімдіктері алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілерін қолданыстағы нормативтерге сәйкес жабдықтауы қажет. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмыстарын күшейту керек. Сондай-ақ, жиында медициналық сақтандыру жайы қайта көтерілді. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, 3 жарым млн-ға жуық халық әлі күнге дейін сақтандыру жүйесіне енбеген. Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 3,3 млн халық сақтандырылмаған күйінде қалып отыр, ең көп саны Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында байқалады. Бұдан өзге, салада кадр тапшылығы да өзекті. Көрсеткіш әсіресе Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында жоғары дейді,-министр. Үкімет басшысы жауаптыларға мәселені шешуді міндеттеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді