Депутат Алматының таулы аудандарына құрылыс салмауды ұсынды

Депутат Андрей Лукин Алматының таулы және тау бөктеріндегі аудандарындағы құрылысқа мораторий жариялауды ұсынды.Сенатордың айтуынша, Алматының тау бөктеріндегі заңсыз және ретсіз құрылыстар жұртшылықты толғандырып отыр. Оның үстіне, құрылыс салу мен алма бақтарын құртуға байланысты даулы жанжалдар да көп. "Жекеменшік құрылыс компаниялары бизнесті тексеруге мораторийді алға тартып, шаруа қожалығы мен бау-бақшаға арналған жердің мақсатын жеке тұрғын үй салуға өзгертіп алады және тау бөктеріндегі аймақтарда көпқабатты тұрғын үй кешендері құрылысын салуды жалғастырып келеді. Тау бөктерінің жұмсақ құрамы күрделі құрылысқа жарамсыз екені белгілі. ТЖМ бұл учаскедегі құрылыс техногендік сипаттағы көшкіндерге әкелуі мүмкін екені бірнеше рет хабардар еткен болатын", - деді ол Сенаттың жалпы отырысында Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында. Депутат мұның бәрі жайдан жай емес деп отыр. Мұндай құрылыс тек біреудің салғырттығымен немесе қамқорлығымен болуы мүмкін. "Жылжымайтын мүлік саласындағы хабарландыруларды орналастыруға арналған қазақстандық ірі сайттардың бірінде Каменское плато шағын ауданында 50 сотықтан гектарға дейінгі жер учаскелерін сату туралы бірнеше хабарландыру бар. Бұл учаскелер бір кездері шаруа қожалықтары ретінде берілген болатын, ал қазір коттедж қалашықтары, таунхаустар, клуб үйлері үшін «ең жақсы орын» ретінде сатылып жатыр. Бір хабарландыруда меншік иесі тіпті мемлекеттік органдардағы байланыстар арқылы жердің нысаналы мақсатын қайта ресімдеу және өзгерту кезінде көмек көрсетуге дайын", - деді Андрей Лукин. Сондай-ақ ол Алматыдағы аудандардың экологиялық күйі мен тау бөктерінің ерекше сұлу табиғаты кейбір топтың пайдаға кенелу мен баюға құнығуына байланысты жойылып кетуі мүмкін деп дабыл қақты. Сенатор Үкіметке осы мәселені қолға алуды ұсынды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Муфаса. Арыстан патша»
Шарлапаев Семей аяқ киім фабрикасында болды
Алматы облысындағы зауытта жұмысшының аяғы рельстің астында қалып қойған
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Алматы - арман қала: шаһарға келген туристерді не қызықтырады
Әділбек Мусин әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Министр жас ғалымдарға пәтер сертификаттарын табыстады
Комиссия Алматы облысындағы аудан әкімін қызметінен босатуды ұсынды
Елордада қысқы сырғанау маусымы ашылды
Әлемдегі ең ықпалды 100 әйел тізімі жарияланды
Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты