Парламент мәжілісінің ЖСДП фракциясының депутаты Асхат Рахымжанов ең төменгі жалақыны 200-210 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды.2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын талқылау барысында Асхат Рахымжанов ЖСДП фракциясы 2024 жылға арналған ең төменгі жалақы мен өмір сүру минимумының деңгейімен келіспейтінін айтты. "ЖСДП партиясы ай сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді. Біздің есептеуіміз бойынша, орта жағдайы бар қазақстандық барлық табысының 55 пайызын азық-түлікке жұмсайды. Қазақстанда ең төменгі жалақы шамамен 200-210 мың теңге болуы керек", -Асхат Рахымжанов26 қыркүйек күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Ринат Зайытовтың Қазақстанда ең төменгі жалақыны 300 мың теңгеге дейін көтеру туралы ұсынысына түсініктеме берді.