Депутат қарасораны медициналық мақсатта пайдалануды ұсынды

Сенатор Бекболат Орынбеков өзінің депутаттық сауалында еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі есірткі затының кеңінен таралу проблемасын көтерді.Депутаттың айтуынша, Шу алқабында 140 мың гектар жерде жабайы қарасора өседі. Табыстың жоқтығынан жастар осы өсімдіктен өндірілетін есірткі заттарын таратуда. Сенатор сонымен қатар шетелден келетін синтетикалық есірткінің жылдам таралып жатқанын айтты. «Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша есепте тұрған есірткіге тәуелді 18 136 адам бар. Ішкі істер органдары биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша 1 072 есірткі қылмысын анықтады. Оған қоса аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаудың 203 фактісі анықталды. Жалпы күш-жігермен есірткі қылмысының алдын алу мәселесі мүлдем басқа деңгейге көтеріліп, аймақтағы және жалпы республикадағы есірткі жағдайын түбегейлі түзетуге тиіс», - деді Б. Орынбеков. Сенатордың пікірінше, осы өсімдікті арнайы мақсатта пайдалану арқылы далада өсетін қарасора мәселесін шешуге болар еді. Депутат ол үшін бірнеше ұсыныс айтты. «Қолданыстағы тәжірибені ескере отырып, заңнаманы зерделеу, олқылықтарды анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар енгізу керек. Өнеркәсіптік немесе медициналық мақсаттарда өсімдік шикізатын қайта өңдеу бойынша, оның ішінде «Тараз Химпаркі» арнайы экономикалық аймағында озық технологияны енгізу арқылы өндірістер кешенін жасау керек. «Қазақстан-Ғарыш сапары» технологиясын пайдалана отырып, оның шоғырлану ошақтарының картасын жасап, жабайы өсетін қарасораның өсу алаңын зерттеу керек», - деді сенатор.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді