Депутат кедендік төлем жүйесіндегі кемшіліктерді атады

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бауыржан Смағұлов «Астана-1» АЖ Кедендік декларациялау жүйесінің жұмысын қайта қарауды ұсынды. Депутат кедендік төлемдердің шағын бизнес өкілдерінің қалтасына ауырлық түсіріп отырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.«Кейінгі кезде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар заңсыз қосымша кедендік төлемдерге жиі шағымданатын болып жүр. Ал Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бұл тәжірибені тәуекелдерді басқаруды бақылау жүйесін автоматтандырумен түсіндіреді. Сонымен қатар, тәуекел профильдерін құру кезінде іріктеу принципін ұстану қажет, ал бақылау кеден заңнамасының бұзылмағанын қамтамасыз етсе болғаны. Бірақ Мемлекеттік кірістер комитеті қағиданы бұзып отыр, ірі салық төлеушілерге келгенде ережені әлсіретіп, шағын кәсіпкерлерге қатаңдатып отыр», - деді ол. Айтуынша, халықаралық тәжірибеде, шағын бизнестен айырылып қалу мемлекетке үлкен шығын келтірмейді, сондықтан оларға қауіптің неғұрлым адал критерийлері қолданылады. Онымен қоса, Мемлекеттік кірістер комитеті деп аталатын уәкілетті мемлекеттік орган ірі бизнестің сыртқы экономикалық қызметіне бас қатыруды қойды. Бұл өз кезегінде бюджетке түсетін табыстың төмендеуіне әкелді. «Астана-1» АЖ Кедендік декларациялау жүйесі мемлекеттік кірістер органдары анықтамаған және мерзімі өткеннен кейін есептен шығарылатын дәйексіз деректерді мәлімдейді. Нәтижесінде бюджетке келтірілген залал 2023 жылы ғана 2,5 млрд теңгені құрады. Мұның бәрі Кедендік бақылау шараларының тиімділігінің төмендеуіне әкеледі. Жоғары аудиторлық Палатаның мәліметтері бойынша соңғы үш жылда нысаналы индикатор 2021 жылғы 76,6% - дан 2022 жылы 65,6% - ға және 2023 жылы 64% - ға дейін төмендеді», - деді депутат. Бауыржан Смағұлов аталаған мәселеге байланысты шешімдерді ұсынды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қарағандылық жолшылар жүк көлігін апаттан құтқарды
Щучинскте монша өртенді
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады