Депутат Мақсат Толықбай теміржол саласын сынға алды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мақсат Толықбаев теміржол саласындағы проблеманы көтеріп, «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшылығын сынға алды.«Теміржолда қашан тәртіп орнайды? Бұрынғы басшылар 30 жылда теміржолды тек табыс көзіне ғана айналдырған. Ескі Қазақстанның өкілдері осы саланың сөлін сорып, бізге тек қаңқасын ғана қалдырды. Бұл салада сапа мүлдем төмен. Ескі вагондар сүйретіліп әлі жүр, теміржол паркінің 60 пайызы тозған. Терезесі ашылмайтын, кондиционері қосылмайтын, қабырғасында тарақандар өрмелеп жүретін ескі вагондардың өзіне жаз кезінде билет таппайсың. Сөйте тұра, билетті субсидиялауға жыл сайын миллиардтарды санап береміз. Пойыздың жиі кешігуі бөлек мәселе», - деді М. Толықбай. Өз кезегінде Көлік министрі Марат Қарабаев ел бойынша 2 567 вагон бар екенін айтты. «Олардың тозу деңгейі - 49 пайыз. Биыл 50 жаңа вагон алдық. Қол қойылған келісімшарт аясында келер жылы тағы 100 вагон болады. Қосымша 157 вагон алу келісімін пысықтап жатырмыз. Сонда, биыл және алдағы жылда 300-ден астам жаңа вагон қосылады», - деді М. Қарабаев. Министрдің айтуынша, қол қойылған тағы бір шарт бойынша 2025 жылдан бастап Еуропадағы ең заманауи Stadler компаниясының жалпы саны 537 вагонын алу жоспарланған. «Бұл тұрғыда 2 567 вагонның үстіне 804-тен астам жаңа вагон алуға қазір қол қойылып отыр. Қосымша вагон алу мәселесін әлі пысықтаймыз», - деді М. Қарабаев. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жасалды
2024 жыл қорытындылары: Қазақстандағы волонтерліктің жаңа көкжиектері
Садриддин Ахмедов салмақ өлшеу рәсімінен өтті
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Ақтөбе облысында 500 тұрғын үй салынды- қорытынды жаңалықтарда (13.12.2024)
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
"Тіл – тәуелсіздік тұғыры": елордада мерекелік іс-шара өтті
Астанада қала ішіндегі мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Теміртауда 6 жастағы бала суға кетіп, көз жұмды
Алимент төлеуден жалтару деректері бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды
Алматы - арман қала: шаһарға келген туристерді не қызықтырады
Алматы метросында қаза тапқан жігіт жайлы деректер пайда болды